Емхана құрылысы қарқын алып келеді

Емхана құрылысы қарқын  алып келеді

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп жазылған. Сондықтан да халықтың денсаулығы жақсы болуы үшін медицина саласы қызметкерлеріне артылар міндет те жоғары. Ал олардың алаңсыз жұмыс істеуі үшін аудандағы аурухана, емхана, жергілікті жерлердегі дәрігерлік амбулатория, медициналық, фельдшерлік-акушерлік тіректер ғимараттары, ондағы қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер талапқа сай болуы керектігі айтпаса да түсінікті. Ал тәжірибелі, өз ісіне тиянақты кадр мәселесі өз алдына бөлек әңгіме. Дегенмен аудандағы аурухана ғимаратының ескі, талапқа сай келмеуі, емхананың тарлығы туралы көптен бері айтылып келеді. 

Биыл аудан орталығынан жаңа емхана салу үшін 4 850 851 000 теңге қаралып, Сарыкемер ауылы мен Қостөбе ауылы аралығындағы тас жолдың бойынан 3 гектар жер бөлінген еді. Ерте көктемде Қуат Баққараев басқаратын «ТаразСтрой-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысшылары жалпы құны 4 430 950 000 теңгелік жертөлесі бар 3 қабатты, 250 адамды қабылдайтын емхана құрылысын бастап кеткен еді. Аталған құрылысқа тапсырыс беруші Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы болғандықтан, аталған басқарманың маманы Н.Мұратов пен техникалық қадағалаушы «Мегалиты Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі жұмысты күнделікті қадағалауда. Сондықтан да болса керек, бүгінде құрылыс алаңында жұмыс қыза түскен. Дәлірек айтқанда, ұзындығы 118,4, ені 14,4 метр болатын нысанның бірінші қабатының төбесі жабылуда. Сондай-ақ, бірінші қабаттағы бөлмелер тиісінше бөлінуде. 

– Біз жұмысты биылғы жылдың 1 сәуірі күні бастадық. Жұмыс бірқалыпты, кестеге сай жүруде. Жұмысқа барлығы 70 адам тартылған. Олардың барлығы да Байзақ ауданынан болса, оның ішінде 21 адам аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасымен қабылданды. Аптасына алты күн жұмыс істейтін олардың орташа алғанда айлық жалақысы 100-150 мың теңге аралығында. Жұмыс түрлеріне қарай одан да көп алатындар бар. Жұмысшылар үшін арнайы асхана ұйымдастырылып, осында қонатындарға жатар орын дайындалып қойған. Біз құрылысты өз мезгілінде аяқтаумен бірге оның сапасына да баса назар аударып отырмыз, – дейді учаске бастығы Исмаил Купяшаров.

– Біздің құрылыс материалдарымыздың 99,9 пайызы қазақстандық. Оның ішінде кірпіш осы ауданның Түймекент ауылынан алынып жатса, құм Жамбыл ауданының Жұма ауылынан тасылуда. Шағал тастарды да осы аудан аумағынан алып жатырмыз. Сол секілді газаблок Алматы, арматуралар Қарағанды қаласынан жеткізілуде. Емханамен қоса 720 текше метр жерге жер асты жертөлесімен зертхана да қатар салынуда. Құрылыс толықтай біткеннен кейін 2 756 157 000 теңгеге емхананың құрал-жабдықтары алынатын болады, – деп, серіктестік өкілі Бағлан Дәненов сөзге араласты. 

Біз құрылыс алаңында болғанымызда 2 автокран ауыр-ауыр темірлерді жоғары қабатқа көтеріп жатты. Ал құрылысшылар  сол темірлермен бірінші қабатты жауып жатса, дәнекерлеу жұмыстары да қатар жүруде. Жердегі құрылысшылар болса қажетті арматураларды өлшеп, кесуде. Екі құм тиегіш техникалар арқылы тиелген құм, шағыл тастарды 2 автомашина тасып үлгеруде. Басқа да техникалар қарап тұрмай, механизаторлар өздеріне тиесілі жұмысты атқарып, ғимараттың мезгілінде сапалы аяқталуына өз үлестерін қосуда.

Құрылыс 1 сәуір күні басталса, оның бітуі 31 желтоқсанда деп белгіленген екен. 

Бір сөзбен айтқанда, мұнда құрылыс қарқын алған. Ал бұған қарағанда, құрылысшылар аудан халқы көптен күткен 3 қабатты әсем емхананы зертханасымен қоса өз мезгілінен бұрын пайдалануға беретініне сенуге болады.

 

 

Дәуір ДӘУЛЕТОВ, Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің орынбасары
16.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 40
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 93
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 96
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 40
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 205
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 209
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 422
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 385

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9079
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8477
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11705
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9469
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10686