Ең қажет қос мамандық иелерін қадірлейікші!

Ең қажет қос мамандық иелерін қадірлейікші!

 

Жақында ғана, қатты ауырып қалғаным туралы жазғым келіп отыр. Мәселе былай болды: гемоглобиным бірден 60-тан 39-ға түсіп кетеді, сонан колледжде жұмыс істеп жүрген едім, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықтым, аурухананың бұл бөлімшесінен бірінші күні есім кіресілі-шығасылы болып, құйылған қан мен плазмаға қарап жатсам да ұйықтай берсем керек, сонан Талас аудандық ауруханасының хирургиялық бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Ментаев  пен хирург Әбдімәлік Юсуфов, хирург Асанов және көптеген медицина қызметкерлері жандары қалмай жүгіріп жүріп, адал, таза қызметтерін көрсетті, оның ішінде Аруна, Утениязов Малибек, тағы да басқа аса көптеген медбикелер, медицина орта қызметкерлері және жандары қалмай қызмет көрсеткен тазалықшылар болды!
    
Ең үлкен қаржылай көмек берген, Алматыда КазМУ-дың тарих факультетінде бес жыл бойы бірге оқыған курстастарым болды. Оның ішінде  атап айтқанда, қазіргі уақытта Ш. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде қызмет етіп жүрген, тарих ғылымдарының докторы, профессор Раушан Қайсановна Айдарбаева ең қомақты қаржылай көмек салып жіберді, Онан кейін Алматы қаласында тұратын, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сманқұлова Жанат, қырық жылдай ұстаздық еткен Алибаева Назира, 5 жыл бірге оқыған досым  Шардарбекова Канат та, талай студент тік қызықтарды да, қиындыдықтарды да бірге өткізген досым Ералиева Закира да көмек қолын соза білді! Жұмыс істеп жүрген кезде адамба әріптестер же болады! Мамедов Мамедке қаржылай көмектерін көрсетіп, қатты қуантқанын қалай жасырып қалайын!

Сөзімнің соңында, қазір бар шынайы ықыласымен әрі қарай да  емдеуді жалғастырып жүрген, көп жылдық еңбек өтілі бар Кульбаева Нұргүл Ермекқызына да зор алғысымды білдіргім келеді! Гиппократ антына адал Нұргүл Ермекқызы қашан бар саңыз да жылы қабағы мен, медицина саласына адал берілген  білікті маман екенін көрсетеді! Медбике Молдаш Назерке де қашан да бағыттама беріп жатады.

Жалпы, емші дәрігер Черниговская Татьяна айтып кеткенінде, қоғамға екі мамандық иелері қатты қажет, оның бірі мұғалім болып табылса, екіншісі дәрігер дегені есімде қалыпты! Шынында, мұғалім, адамды тәрбиелейді, ал дәрігер кез келген адамды емдейді! Екі мамандық иелеріне де зор алғысымды білдіргім келеді!

 

Алима ЖҰМАБАЕВА,

Қаратау технология, білім және бизнес колледжінің оқытушысы

 

 

04.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 15303
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 15203
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 30344
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28964
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 32529