Ең төменгі айлық өссе, салық та өсе ме?

Ең төменгі айлық өссе, салық та өсе ме?

   Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев: «Мемлекет басшысы ең төменгі еңбекақыны салық және әлеуметтік төлемдерді есептеу көрсеткіші ретінде қолданудан кетуді тапсырған болатын. Біздегі Салық кодексінде ең төменгі айлық тек жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтардың ең төменгі көлемін есептеп шығару стандартына ғана байланған. Ұлттық экономика министрлігі осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Жыл соңына дейін бұл жұмысты аяқтаймыз», — деді.  

   Аталмыш брифингте ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев: «Мобильді ақша аударымдары қалай заңдастырылатынына келсек,  бұл жерде айта кететін негізгі бір мәселе – халық тарапынан алаңдау болмауы керек. Себебі азаматтардың қолданып жүрген карта шоттары сақталады. Олардың күнделікті өзара бір-біріне аударып жүрген ақшаларына ешқандай нұқсан келмейді. Яғни, бүкіл процесс сол күйінде сақталады. Алдында да айтқанымыздай, мобильді аударымдарды фискалды ету үшін ғана заңға біртіндеп өзгерістер енгіземіз. ҚР Ұлттық банкі жинақтап отырған мәлімет бойынша, 8 айда мобильдік аударымдар арқылы және интернет желісі арқылы жүргізілген аударымдар мен төлемдердің жалпы көлемі 36 трлн теңгенің маңайында қалыптасып отыр. Бұл өте қомақты сома», — деген мәлімептпен бөлісті.

Ермек Сахариев
24.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5846
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5987
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20959
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19588
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23060