«Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2023» атты облыстық байқауы

«Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2023» атты облыстық байқауы
 
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2023» облыстық байқауы Сарысу ауданында өтті.
🔹Байқауға ауданнан Өндіріс ауылдық клубы қатысты.
🔹Меңгерушісі Жолмаханов Ағағали Әбухасұлы.
🔹3 үйірме жұмыс жасайды, қатысушылар саны-42 адамды құрайды. Домбыра үйірмесі- 1/16. Ән үйірмесі-1/16, драма үйірмесі 1/10
Қазылар алқасы мәдениет үйінің байқау шарттары мен талаптарына сәйкестігін саралады.
✔️Ережеге байланысты Сарысу ауданының 95 жылдығына арналған «Сарысуым құт мекенім» мәдени іс-шарасын ұсынды. Іс шара «Тағылымды тарихым» атты театрландырылған көрініспен ашылды.
⚜️Аталған облыстық байқаудан соң Сарысу аудандық мәдениет үйінде «Ең үздік әдістемелік кабинет» облыстық байқауы аясында аудандық мәдениет үйінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Қояналиева Гүлсара Тезекбайқызы қазылар алқасына әдістемелік кабинеттің құжаттарын, әдістемелік – тәжірибелік жұмыстарының жинақтарын таныстырды.
✔️Байқауда қазылар алқасы тек мәдени іс-шараларды ғана назарда ұстамай, байқауға қатысып отырған мекеменің эстетикалық талғамымен безендірілуі, материалдық-теxникалық базасының жағдайы, озық теxнологиямен жабдықталып, интернетке қосылуы, өткізілген мәдени іс-шаралар сценарийлері, жарнамалары, іс-шаралар сапасы мен тиісті жұмыстарын ой електерінен өткізіп, мұқият қадағалайтын болады.
✔️Осылайша қазылар алқасы кестеге сәйкес облысымыздың әр ауданындағы ауылдық, аудандық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарын қамтып, үздігін анықтайтын болады.
Sarysu Madeniet Til Bolimi
24.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

Бізге қандай  өзгеріс қажет?
Болат ДҮЙСЕМБІ, экономист-саясаткер, публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі - 12.02.2026 178

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23507
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23167
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39492
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36656
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40804