Еңбектенемін деген жасқа мүмкіндік мол

Еңбектенемін деген жасқа мүмкіндік мол

Оралда жастар арасындағы жұмыссыздықты жою – басты назарда. Қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы да осы бағытта көптеген іс-шаралар ұйымдастырды.

Орталыққа жастар бастамаларын қолдау, оларғамемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, жұмыспен қамту бойынша онлайн және оффлайн форматта әр түрлі бағытта кеңес алуға 5100 адам жолыққан. Соның ішінде 2 мың адам мемлекеттік бағдармаға қызығушылық танытқан. Сонымен қатар 280-і – психологиялық, ал 1350-і теологиялық кеңестерге жүгінген. Сондай-ақ тұрғын үй, жұмысқа орналасу, заңгерлік кеңес сынды мәселелер де назардан тыс қалмаған. 

– Бұлардан бөлек, жастар мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмысқа орналасты. Айталық, жастар тәжірибесіне – 55; алғашқы жұмыс орны жобасы аясында –3-еу; әлеуметтік жұмыс орнына – 14; қоғамдық жұмысқа – 44 жас тартылды. Ал 283 жас жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына тұрақты жұмысқа орналастырылғанын да атап өткен жөн. Тағы алты жерлесіміз 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантпен қамтылды, – деді аталған орталықтың консультациялық қызметтер көрсету бөлімінің басшысы Алма Тулепкалиева

Мемлекеттік грант иеленген жастар аталған қаражатқа автокөлік таңдау және автохимиялық тазалау қызметі, компьютерлік қызметтер көрсету, мұздатылған қатпарлы қамыр өнімдерін дайындау, тазалау қызметі, сұлулық студиясы, мал шаруашылығы сынды кәсіптермен айналысуға бизнес жоспар жасақтаған.

Алма Шапбазкерейқызы жастар «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс жасақтары» қатарында да еңбек етіп, маусымдық жұмыстар атқаратынын жеткізді. Мысалы, үстіміздегі жылдың маусым айында 112 жас «Жасыл ел» бағдарламасына қатысса, 29 адам Студенттік құрылыс жасақтарында жұмыс атқарған. Бұл бағдарламалар аясындағы маусымдық жұмыстар шілде, тамыз айларында да жалғасатынын айтты. Жалпы Орал қаласы бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде 300-ден астам жасты, ал «Студенттік құрылыс жасақтары» бағдарламасы аясында 200 жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Мұндай маусымдық жұмысты жасай жүріп жастар 80-150 мың шамасында орташа жалақы алады.

Орталықтың бөлім басшысы А.Тулепкалиева көздеген мақсаттарына жету үшін атқарылған жұмыстарды тізбектеді. – Жастарды жұмыспен қамту және ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін «Жастарға кеңес!», «Болашағың өз қолыңда»,«Жетістік жолы» жобалары жүзеге асырылды. Жыл бойы жастар үшін маңызы бар,жұмыс іздеушілерді ынталандыру бойынша «SOFT SKILLS» семинар-тренингтері«Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі – 2022», «Еңбек кубогі – 2022» кәсіпорындардағы жастар ісі жөніндегі комитеттер арасындағы спорттық жарыстар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Jas business», «Жастар кәсіпкерлік үшін»  семинар-тренингтері ұйымдастырылды. «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны», «Қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсы» мемлекеттік бағдарламалары туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүйеліжүргізілуде, – деді бөлім басшысы. Демек, еңбектенемін деген жасқа мүмкіндік молынан деген сөз.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
06.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 84
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 196
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 414
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 376
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 996

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9071
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8469
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11695
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9458
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10675