Еңбектері еленген үздіктер

Еңбектері еленген үздіктер

Апта басында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша бизнес-қауымдастықпен кездесу өтті.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов ашып, жүргізіп отырды.
Алдымен сөз алған Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы Еркін Атымбаев жиынның маңызына тоқталды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында елімізде атқарылып жатқан ауқымды тірліктерді айтып, кәсіптерін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің талап-тілектерін тыңдады. Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы Байзақ ауданындағы филиалының директоры Жамбыл Бисмаков  өз саласы  бойынша 2022 жылы тындырылған тірліктерден ақпарат берді.
Кездесу барысында Ботамойнақ ауылдық округінде орналасқан «Жадыра» шаруа қожалығының жетекшісі Гүлнар Давлетбаева соңғы жылдары осы салаға  мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың жемісін көріп отырғандардың қатары өсіп келе жатқандығын жеткізді.Кәсіпкерлердің жұмысының үйлесімділікпен жүруіне  үлес қосып отырған жергілікті филиал басшысына алғысын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.
Жиын соңында ауданымыздағы жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басшыларына аудан әкімінің және Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы директорының Алғыс хаттары табыс етілді.

 

 

Арайлым НАРБАТЫРОВА, БАЙЗАҚ АУДАНЫ
11.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5191
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5351
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20316
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18952
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22416