Еңсесі биік елорда

Еңсесі биік елорда

Шілденің 8-жұлдызында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов журналистер алдында «Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» есеп берді. Біз төменде қала басшысының жалпы баяндамасы және әріптестеріміз тарапынан қойылған маңызды сұрақтарға берілген жауаптарды ықшамдап оқырмандарымызға ұсынуды жөн көрдік.

 

Құрылыс саласы қарқынды дамып келеді

«Биылғы жарты жылда қаламыздың барлық әлеуметтік, экономикалық жағында оң көрсеткіштер байқалады. Тұрғын үй саласы қарқынды жүріп жатыр. Өткен жылы 3 миллион 200 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосқан болсақ, биылғы жырты жылдың ішінде 1 миллион 250 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бердік. Соның есесіне құрылысқа салынған инвестициялардың да көлемі өсіп келеді. Бірінші жартыжылдықта бұл салаға салынған инвестиция көлемі 237 млрд теңгені құрады. Бұған байланысты инвестиция көлемі де бар. Өткен жылы 1 трлн 200 млрд теңге болатын болса, қазіргі уақытта 465 миллиардқа жетті. Өндіріс және өңдеу саласында оң көрсеткіштер байқалуда. Пандемияның салдарынан біздің орта шағын бизнес саласы қиындықтарға тап болған еді. Қазіргі уақытта тіркелген орта, шағын бизнестің саны да көбейіп келеді», – деп бастады қала басшысы. Сөз арасында қала халқының өсімі және қаланың бас жоспары туралы сандық мәліметтерді айтып берген Алтай Сейдірұлы мектеп және балабақша құрылысы, сондай-ақ халықтың тұрмысына қатысты емдеу мекемелері, өрт сөндіру деполары туралы да тоқталып өтті.

«Нұр-Сұлтан қаласының бас жоспары халықтың өсу динамикасын ескере отырып, тағы бір мәрте түзетіледі. Бастапқыда 2030 жылға қарай елорда тұрғындарының саны 1,2 миллион болады деп болжанды. Бірақ бұл шектен асып кетті. 2035 жылға қарай бұл сан екі есе өсуі мүмкін. Алдағы болатын жағдайларға қазірдің өзінде дайындық жүріп жатыр. Бас жоспардың құрылымына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы қосылады. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым қарастырылған», – деді Алтай Көлгінов. 

Соңғы қоңырау өткізудің талабы жарияланды | Inbusiness.kzБылтыр мамыр айында бас қаланың мектептерінен 7000 түлек түлеп ұшса, қыркүйекте 24 000 бала 1-сыныпқа келген екен. Ал биылғы мамырда 8500 бала мектеп бітіріп, күзде 25 000-нан астам бала мектеп табалдырығын аттағалы отырған көрінеді. Әрине, қала халқының өсімінің көрсеткішіндей болған бұл мәліметтер кімді де болса қуантары сөзсіз. Соған орай жаңа мектептердің құрылысы да назардан тыс қалмайтындығын айтып өтті әкім мырза. Мысалы, 2018 жылы 4 мектеп салынса, 2019 жылы 6 мектеп, 2020 жылы 11 мектеп, 2021 жылы 15 мектеп пайдалануға берілген. Ал 2022 жылы 16 мектептің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін оның 11-нің құрылысы толығымен аяқталады екен. Алтай Сейдірұлы мектептердің құрылысы мемлекет есебінен, мемлекет пен жеке сектордың селбестігі есебінен және жеке инвестордың қаражатынан салынып жатқандығын да ашық айтып өтті. 

 

Газ саласындағы бюрократия жоғалады

Қазіргі таңда қаланы газдандыру мәселесі қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл туралы газетімізде талай хабарлар мен репортаждар жарық көргені мәлім. Көгілдір отынға қол жеткізу – қала тұрғындарының назарында тұрған өзекті мәселелердің бірі. Қазірге дейін «Оң жағалау» аталатын көне қала бөлігіндегі 10 тұрғын алабына газ жеткізілді. «Газдандыру – өте маңызды мәселе, ол мемлекет басшысының бақылауында. Бұл мәселені шешу қаланың экологиясын жақсартуға мүмкіндік береді. Сарыарқа және Алматы аудандарынан кейін қалған екеуінде газ құбырлары салынады. Жеке секторда 14 мың абонент тұрады, қазірдің өзінде 3,6 мыңнан астам абонент газ пайдаланады. Біз бюрократия деген проблемаға тап болдық. Министрліктің бұйрығына сәйкес, тұрғындар құжаттардың 8 түрін жинауы қажет. Оған 6-7 ай кетеді. Енді мемлекет басшысы бекіткен бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа сәйкес, ол екі есе қысқарды. Бұл газдандыру процесін айтарлықтай жылдамдатады. Биыл Есіл ауданы мен Байқоңыр ауданына апаратын газ құбырларының құрылысы басталды. Қаланың айналасы толықтай қамтылады, сонымен қатар орамішілік инженерлік желілер жобаланып жатыр», – деді қала басшысы. Солардың қатарында Ильинка (Үркер), Өндіріс, Пригородный, Тельман, «Family Village», «Garden Village» шағын аудандары, Шұбар шағын ауданын жобалау жүргізілуде.

Сөз арасында әкім мырза қаланың жылыту жүйесін жақсарту үшін жаңа қазандық салынатынын айтып өтті. «Жаңа құрылыс жүргізіліп жатқан аудандар жылумен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан елорданы газдандыруды ескере отырып, біз үш жергілікті газ қазандығын жобалауды аяқтаймыз. Бұл сағатына 1000 гигакалория жылумен қамтамасыз етуге көмектеседі: бұл 10 жылдан астам салынып жатқан ЖЭО-3 қуатынан 2,5 есе артық. ЖЭО – 3 ұзақ, бірақ уақытында аяқтамасақ, жылу тапшылығы болады. Ол бірінші кезеңде сағатына 420 ккал көлемінде жылу береді. Бұл – 6 млн шаршы метр тұрғын үй. Бірақ бұл жеткіліксіз болады, өйткені қала тез өсіп келеді, салынып жатқан коммерциялық және тұрғын үй нысандарының саны жыл сайын артып келеді», – деді әкім.  Ал осы тектес сапалы ауызсу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ, су ығыстыру жүйесін жетілдіру үшін жасалып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті. Экранда көрсетілген слайдтан байқағанымыз Бауыржан Момышұлы көшесіндегі жаңбырдан іркілген суға қайық жүзетін жылғы көріністер де әкімнің назарынан тыс қалмаған екен... Осындай проблемалы көшелерді жөндеумен «Елорда экосистем» атты компания айналысып жатқан көрінеді.

 

Тұрғындарды толғандырған мәселелер

Астанамыз күн сайын іргесін кеңейтіп келе жатыр. Соған орай түрлі әлеуметтік, қоғамдық проблемалар да көбейген. Мәселен, жол бойындағы автотұрақтар мәселесі де көпшілікті толғандырған түйткілдердің бірі еді. Осыдан бірнеше жыл бұрын ақылы автотұрақтар пайда болып, халықтың наразылығын тудырғаны есімізде. Алайда қала әкімшілігі мен автотұрақты қолға алған компания арасында сот болып, әкімшілік жеңген-ді. Бүгінгі баспасөз мәслихатында қала басшысы бұған да тоқталып өтті.

«Ақылы тұрақ, бұл – қала үшін жаңа жоба. Бұл – халықаралық тәжірибе, ретсіз тұрақтарды тәртіпке келтіреді. Жоба Министрліктер үйінің жанындағы Мәңгілік Ел даңғылында жақсы нәтиже берді. Бір кездері көліктер көп болды, шағымдар айтылды, көлік қоятын жер болмады, әсіресе қыста қар жауған кезде көліктер көше тазалауға кедергі келтіретін. Келісімшартқа 2018 жылы МЖӘ аясында қол қойылды. Біз оны қайта қарадық, естеріңізде болса, сотқа да бердік. Тұрғындардан келіп түскен шағымдарды ескере отырып, әсіресе әлеуметтік тұрғын үйлердің жанында ақылы автотұрақтар орнатыла бастаған кезде біз бұған қарсы болдық және оны қайта қарадық. Жоба жаңа, сондықтан оны одан әрі жетілдіруге дайынбыз. Ең бастысы, тәртіп болу керек және тұрғындардың мүдделері бұзылмауы керек. Біз барлық шағымды қарастыруға дайынбыз, егер ақылы тұрақтар рұқсат етілмеген жерлерде орналасса, біз оларды алып тастаймыз», – деді әкім.

Бас қаланың тағы бір «бас ауруы» құрылысы басталып барып тоқтаған метро еді. Нұр-Сұлтанды қойып, Тоқаевтың өзін толғандырған бұл шаруаның немен бітері барша жұртты алаңдатып жүр. Сөйтсек, бұл құрылысты аяқтауды жөн көрген екен. Қазір соның жобалары дайындалған.

«Жобаны сарапшылар, құрылысшылар, инженерлер әзірледі. Мұның бәрі жүктеме мен ауа райын және климаттық жағдайларды ескереді. Мысалы, Канададағы климаттық жағдайлар. Біздің мамандар ол жаққа да барды, ЛРТ-мен жүріп көрді, серіктесімізбен сөйлесті. Бұл – маңызды инженерлік-көліктік жоба. Бетон тіректері өте сапалы, әрқайсысының салмағы шамамен 220 тонна, күшейтілген, бетон маркасы өте жоғары, бетон сапасын мамандар тексереді. Техникалық қадағалау, авторлық қадағалау бар. Ең бастысы – бұл нысанды аяқтау», – деді әкім.

Елді үміттендіріп жүрген тағы бір шаруа қала маңындағы ауылдардың Нұр-Сұлтанға қосылуы еді. Бүгінгі брифингте осы мәселе төңірегінде «Қаланың шекарасы қазіргі жоспарға сәйкес өзгермейді. Себебі қалада онсыз да 16 елдімекен бар. Олардың өз мәселелері бар. Арнайы жоспар әзірленіп, қаражат бөлінуде. Ол жерде де қиюын таппаған мәселе көп. Қала маңындағы елдімекендер Ақмола облысына тиесілі. Олар агломерация ретінде бірге дамуы керек», – деп қысқаша тоқталып өтті Алтай Көлгінов.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бұл шарада бас қаланың дамуы, проблемалары және тұрғындарды толғандырып жүрген біраз мәселелерге жауап берілді. Ел дамуының басты көрсеткішіндей болған бас қаламыз көркейе берсін деген тілекпен жиналыстан қайттық.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
15.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 374
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 347
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 962

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9040
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8437
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11665
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9426
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10645