Президентіміз Ауыл шаруашылығына өте жіті назар аударып отыр. Осы саланы басқарған Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев жаңашылдықпен жұмыс істеді. Енді мінеки, Ербол Шырақпайұлын Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ербол Шырақпайұлы 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты тамамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі – экономист, бакалавр академиялық дәрежесімен менеджмент саласындағы маман, экономика магистрі, заңтану бакалавры. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Жарлығымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып қызмет етті. Министр болған уақытта баспасөзбен тығыз байланыста болып, ауылдың мәселелерін көтерді. Айтып өтетін болсақ, «Qazaqstan dauiri» газеті Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып талай ауыл-аймақтарды аралап, ауылдың тұрмыс-тіршілігімен, әлеуметтік жағдайлармен танысып, біршама істерді көтерген болатын. Бүгінде Ербол Шырақпайұлын Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз. Әкім болдың, енді халыққа жақын бол! Жаңа қызметте сәттілік пен табыс тілейміз!
«Qazaqstan dauiri» газеті,
«ElAna» қоғамдық қоры мен
«Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы