Атырау қаласында 100-ден аса ерікті «Мектепке жол» акциясына қолдау көрсетті. – Мектеп тауарларымен толыққан сөмкелерді Жылыой ауданындағы әлеуметтік осал топтан шыққан балаларға таратамыз. Бұл бастама «Теңізшевройл» компаниясы мен «Friends of Atyrau» волонтерлік ұйымының қаржылай қолдауымен «Теңіз жүрегі» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылуда, – деді «Теңіз жүрегі» жобасының жетекшісі Рысты Жексенбаев. Айта кетейік, «Теңіз жүрегі» жобасын «Теңізшевройл» ЖШС қолдауымен «Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры 2023 жылдан бастап жүзеге асырып келеді.