Еріктілер ауруханаларға оттегі баллонын тасуда

Еріктілер ауруханаларға оттегі баллонын тасуда

Ақтөбедегі инфекциялық стационарлар тәулігіне 800 оттегі баллонын пайдаланады. Медицина қызметкерлеріне оттегі баллонын тасымалдауға волонтерлар көмек көрсетіп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров:  «Барлық емдеу мекемесі қосымша оттегі баллонымен қамтамасыз етіледі. Тәулігіне 800 баллон қажет. Өткен жылы облыстық фтизиопульмонологиялық диспансерге орталықтандырылған оттегі станциясы орнатылды. Ол 150 кереуетке, яғни, адамға оттегі жеткізуге арналған. Бірақ қазір орталық 250 орынға шақталды. Бәріне оттегі керек. Сондықтан жергілікті зауыт арқылы тегін оттегі баллондары толтырылады. Бір баллонның бос кездегі салмағы 50 келі, ал оттегі толтырылса 80 келі. Оны мейіргерлер, санитар қызметкерлер тасиды. Бұл өте ауыр жұмыс. Біз көмектесемін деген адамнан қашпаймыз. Қиын кезде қол ұшын созған адамдарға алғыс айтамын. Солардың ішінде көмек қолын созған еріктілерге де»,— десе,  еріктілер тобының мүшесі Анастасия Евсеева: «Ақтөбедегі Anticovid-19 еріктілер тобы күн сайын кешкілік ауруханаларға жиналады. Біз Жаңақоныс ауылындағы инфекциялық аурухананың бөлімшелеріне барып, көмектесіп жүрміз. Anticovid-19 еріктілер тобының ер адамдары алма-кезек барады. Негізі 30 адам. Тек ауруханада емес, зауытқа барып, сол жерде оттегі баллондарын тиеуге көмектесеміз. Мұнда жүрген еріктілердің мамандығы әртүрлі. Бірі такси жүргізушісі болса, енді бірі кәсіпкер, арасында менеджер де бар», — дейді.

Ермек Сахариев
25.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6511
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6641
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21621
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20235
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23720