Еркін күрес: Дәулет – күміс жүлдегер!

 Еркін күрес: Дәулет – күміс жүлдегер!

Қазақстандық палуан Дәулет Ергеш 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Испанияда өтіп жатқан додада отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол алдымен пуэрто-риколық балуанмен кездесіп, одан 10:0 есебімен айласын асырды. Келесі кезеңдерде Украина мен Америкадан келген спортшыларға дес бермеді. Отандасымыздың ақтық сындағы қарсыласы грузиялық Владимир Гамкрелидзде болған. Өкінішке орай, бұл кездесу 3:5 есебімен грузиннің пайдасына шешілді. Жастар арасындағы әлем чемпионаты Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатыр.

Ермек САХАРИЕВ
29.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1503
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7538
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11414
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7578
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7739