Ерлан Қошанов: «Президент реформаларының ел болашағы үшін маңызы зор»

Ерлан Қошанов: «Президент реформаларының ел болашағы үшін маңызы зор»

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов жұмыссапарымен Қарағанды облысына келді. АMANATпартиясының облыстық филиалында ол өңірдіңжұртшылығымен кездесті.

Ерлан Қошанов алдағы референдум жайлыайтып, ел тағдырын шешетін ауқымдыреформалардың мән-маңызын түсіндірдіОныңайтуыншаМемлекет басшысы ұсынып отырғанконституциялық реформалардың барлық салағақатысы бар.

– Таяуда Президент Жарлығымен Ұлытауоблысы қайта құрылдыӨздеріңізге белгіліқазіргіҚарағанды – алып аймақБір орталықтан мұндайөңірді басқарудың тиімсіз тұстары баршылықШалғай елді мекендерден облыс орталығына жетуқолайсыздық тудыратынСондықтан бұл халық үнінеқұлақ асқан әділ әрі тиімді шешім деп есептеймінДегенменҚарағанды облысы еліміздегі ең іріаймақтың бірі болып қала береді, – деді ЕрланҚошанов.

Жиында Мәжіліс Төрағасы еліміздің саясиөміріндегі үлкен өзгерістерді айта келеқазіргіәлемде болып жатқан күрделі үдерістерге бейімделіптүрлі сынақтарға дайын болуы керектігін атап өтті. – Қазір жаһан жұрты күрделі кезеңді бастан кешудеБүгінгі таңда біздің мемлекетімізде де ауқымдыөзгерістер болып жатыр. Президент реформаларыосы сын-қатерлерге берілген нақты жауап деп айтуғаболадыБіз жаңа әрі әділетті Қазақстан құруға бет бұрдық, – деді Палата Спикері.

Қазіргі таңда Мәжіліс депутаттары мен «AMANAT» партиясының мүшелері өңірлердехалықпен кездесуде.

– Жұртшылық Мемлекет басшысыныңбастамаларын жақсы қабылдапқолдап жатыр. Ел болашағын айқындайтын осындай ауқымдыреформалардың тағдырын халықтың өзі шешуікерек.  Осы оймен Мемлекет басшысы референдум жариялады, – деді Палата СпикеріСонымен қатарЕрлан Қошанов жасанды монополияларды түбегейліжойыпазаматтарға тең мүмкіндік беру үшінмемлекет тарапынан үлкен шаруа атқарылыпжатқанына назар аударды.

– Елімізде ашық саясаттың жаңа кезеңібасталайын деп отырЕнді барлық саяси күштерсайлаушылардың нақты сұранысына басымдықбередіСонымен бірге референдум мемлекеттің жаңамақсаттарын жүзеге асыру болып саналадыХалықеліміздің сайлау жүйесіне сенуі керекБұл – биліклегитимдігінің негізіСайлау саяси өміріміздегіқалыпты жағдайда айналуға тиісБіз бірте-біртеосыған келе жатырмыз, – деді Мәжіліс Төрағасы.

Палата Спикері реформалардың басты мақсатыазаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудынегізге алатын әділетті қоғам құру екенін атап өтті.

  Қазір тұрғындардың көпшілігі мемлекеттікоргандардың нормативтік актілеріне көңілі толмайотырОлар әртүрлі инстанцияларға шағымданудаАдамдар өздерінің конституциялық құықтарыбұзылып жатыр деп есептейдіРеферендумнан кейінКонституциялық сот құрыладыӘр азамат осы органға немесе Адам құқықтары жөніндегі уәкілгешағымдана аладыОмбудсменге конституциялықмәртебе беріледіЕнді олар өз конституциялыққұқығын қорғау үшін елордаға келмей-ақөңірлердегіуәкілдердің қызметіне жүгіне аладыОфистер барлықоблыста ашылады, – деді Ерлан Қошанов.

 Одан әрі Мәжіліс Спикері саяси жүйені кешендіжаңғырту мәселелеріне назар аудардыОндаПарламенттің рөлін айтарлықтай күшейтуге ерекшемән беріліп отырЕрлан Қошанов бүгінде Парламент кез-келген ауданның бюджетін тексере алмайтынын, Парламент депутаттарында мұндай өкілеттік жоқекенін айттыМәжіліс Төрағасының айтуыншаөңірлерге республикадан қыруар қаржы бөлінуде. Ал ел бюджетін бекітетін орган үшін оның қалайжұмсалатынын түсіну керек. – Енді Есеп комитетімен барлық тексеру комиссиялары Аудиторлықпалатаға біріктіріліпжылына екі рет Мәжілісдепутаттары алдында жария түрде есеп беретінболадыБұл Мәжіліске бақылауды күшейтугемүмкіндік бередіОсылайша республикалықоблыстық және жергілікті бюджеттерді бақылайалады, – деді Палата Спикері.

Сөз соңында Ерлан Қошанов облысжұртшылығын республикалық референдумғабелсенді қатысыптарихи таңдау жасауға шақырдыКездесуден кейін «AMANAT» партиясының төрағасыжеке қабылдау өткізіпоблыс тұрғындарыменсөйлесті.

Палата Спикері жұмыс сапары барысындаТеміртау қаласының жұртшылығымен кездестіОнда20 мың емделушіге арналған жаңадан ашылғанемханаға барды. Ерлан Қошанов ем қабылдайтынкабинеттерді аралапдәрігерлермен әңгімелесті.

Одан кейін спорт дене шынықтыру-сауықтырукешеніне барды.

Кездесу барысында Теміртау қаласыныңбелсендісі Олег Гусев Қазақстан әлемде болыпжатқан барлық қиындықтарға қарамастанкөпұлттықоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтай отырыпбарша қиындықтарға төтеп бере алды деді.

– Ең бастысы – ішкі саяси тұрақтылықты сақтауПрезидентіміз өте жауапты және тез шешімқабылдайдыБіз оған бірнеше рет куә болдықБізоның ішкі саяси тұрақтылық пен ел бірлігін сақтауғабағытталған саясатын қолдаймыз– деді ол.

Сапар аясында Мәжіліс Төрағасы Ленин атындағы шахтаның кеншілерімен, Абай ауданыКөксу кентінің ауыл шаруашылық тауарөндірушілеріменсондай-ақ Шет ауданы С. Сейфуллин атындағы ауылдың жұртшылығыменкездесуді жоспарлап отыр.

Жомарт Шаймұрат
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5201
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5359
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20324
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18960
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22424