Ерлігі елге үлгі Әділет

Ерлігі елге үлгі Әділет

Майданда арпалысу міндетті емес, Отанның тыныштығын қорғағанның бәрі батыр. 2021 жылы Байзақ ауданының аумағында болған жарылыста өрт сөндіріп, қарапайым тұрғындарды аман сақтау жолында өмірін қиған Әділет Әділбек те осы қаһармандардың қатарында. Біз бұған дейін бейбіт күннің батырлары атанған Еркін Нәдірбеков пен Марат Мешінбай сияқты азаматтар туралы да жазған едік. Құмшағал ауылындағы Әділет Қанатбекұлы тұрған көшені бірден тауып, батыр жігіттің үй ауласына да кірдік. Шаңырақ көтеріп, отау болуға үлгере алмай кеткен ержүрек азаматтың тағдырына деген өкініш те көп. Отбасы не дейді, қалай қабылдайды деген ойлар да санаға тыным бермейді. Аулада адам баласы жоқ. Үйдің сыртқы есігін ашып қалғаным сол еді, арғы жақтан жас шамасы алпысқа жақындап қалған ер кісі шықты. Амандасып тұрып, Әділеттің әкесі болар деп топшыладым да, «Қанатбек ағай сіз боларсыз?» деп тоқтадым. «Иә, сол кісімін. Аяғыңды шешіп, ішке кір. Су болған шығарсың. Даланың қары еріп тұр ғой бүгін», деді. Ас бөлмесінде отырмыз. Екеуміз ғана. Қанатбек Бұзаубақов тек сұраққа ғана жауап береді. Әңгімеміз тек қана Әділет жайлы. Ол Бурыл ауылындағы Бурыл орта мектебін 2013 жылы бітіріп, бір жылдан соң әскерге кетеді. Әуелі Шыңжада, кейіннен Түркістан облысының Мақтарал ауданында отандық борышын жоғары жауапкершілікпен атқарған. 2015 жылы әскерден сержант шенімен оралған Әділет Қанатбекұлы облыстық төтенше жағдайлар қызметінің Тараз қаласындағы No4 бөлімшесіне өрт сөндіруші болып орналасады. Алты жылға жуық осы бөлімшеде еңбек етіп, үлгілі ісімен, жауапты жұмысымен танылып келе жатыр еді. Өзінің саласы бойынша бірқатар марапаттарға да ие болған. Сол жарылыс болатын күні ауысымдық жұмысында кезекшілікте болған Әділет төтенше жағдайды естігенде, жарылыс аумағына өртті сөндіру үшін жіберілді. Сол міндетін атқару жолында басқа бірқатар әріптестерімен бірге Әділет те ерлік жолында өмірін қиды. Осы ерлігі үшін Әділет Әділбек ІІ дәрежелі мемлекеттік «Айбын» орденімен марапатталып, марапат оның отбасына тапсырылды. Әділеттің әкесі Қанатбек ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Сөз арасында «Анасының аты кім, не жұмыс істейді?» деп сұрап қалғаным бар. «Әділеттің анасы жоқ қой. 2010 жылы бақилық болған» деген жауапты естігенде төбемнен тағы да жай түскендей есеңгіреп қалдым. – Анасы жайлы естімеген екенсің ғой. Жалпы, жағдайды біліп келіп отырсың. Өкінішке қарай Әділетім отбасын да құрай алмады. Кенже балам еді. Үмітім еді. Алдында үш әпкесі бар. Бәрі тұрмыста. Алғашқылары Астана мен Теміртауда, үшінші қызым көршілес Бурыл ауылында тұрады. Мемлекет бағалап жатыр. Бурылдан Құмшағалға бұрылыс жолға Әділет туралы үлкен баннер қойды. Ауылдық саябаққа да суретін қойғаны құрметтері ғой. Амал қанша, өзі жоқ. Болары болды. Ерлігіне шүкір дедік. Қазасына өкіндік. Орны толмайды. Елдің бәрі келіп жұбатып, Әділетімді батыр деп бағалап жатыр. Амал қанша? Көңілімізден оның бейнесі еш кетпейді, – деді батырдың әкесі күрсініп. Біз де мұңға баттық. «Арты жақсы болсын. Әділеттің ерлігін ел ұмытпайды» дедік әкесіне. Басқа не дейміз, қалай жұбата аламыз. Дегенмен Әділет Қанатұлының елдің ұлына айналып, Отанды сүюдің ерен үлгісін көрсетіп кеткені шындық. Әділет батырды іздеген жас ұрпақ біздің ізімізбен келіп, батырдың әкесі мен бауырларына құрметтерін көрсете беретіні анық.

Есет ДОСАЛЫ, Байзақ ауданы
21.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 146
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 144
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 255
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 469
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 430

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9130
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8527
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11754
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9523
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10735