Есігін айқара ашқан «Атамекен»

Есігін  айқара ашқан  «Атамекен»

Оралда айрықша үлгідегі архитектуралық үлгісімен көз арбайтын өнер ғимараты пайда болды. Сәні мен салтанаты келіскен жаңа «Атамекен» өнер ордасының ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған Үкімет мүшелері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева, Қазақстанның Еңбек Ері, скрипкашы Айман Мұсақожаева, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Біржан Хасанғалиев және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының делегациялары қатысты. 

 

Ел Тәуелсіздігінің 30  жылдығы қарсаңында облыс орталығындағы Тұңғыш Президент алаңында бой көтерген үш қабатты сәулетті ғимаратты салуға «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы есебінен 9 465, 254 млн теңге  жұмсалған. Құрылыс жұмыстарын «Альтаир» ЖШС жүргізген өнер ордасының жалпы аумағы – 19 901,17 шаршы метр. 

Оралдықтарды жаңа мәдениет нысанының ашылуымен құттықтаған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы: 

– Ерекше, қасиетті батыс өңіріне бүгін жұмыс сапарымен Үкімет мүшелері келді. Біз облыста жүзеге асырылып жатқан бірқатар игі істердің куәсі болдық. Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген нақты бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Елдің өсуі мен өнуі оның мәдениетімен тікелей байланысты. Осыдан төрт ай бұрын бұл орталықтың құрылыс жұмыстарын бағамдап кеткен едік. Енді бүгін алыстан қарағаннан-ақ жүректі баурап алатын үлкен мәдениет ордасы дүниеге келген. Тәуелсіздіктің арқасында салтымыз бен дәстүріміз де, еліміз де жаңғырды десек артық айтқаным емес. Тәуелсіздіктің арқасында Батыс Қазақстанда осындай зәулім мәдениет ордасы бой көтерді. Мұндай өнер ордаларының жұмыс жасауымен елдің рухы, халықтың намысы асқақтап, туымыз биікте желбірейді, – деді. 

Бұдан әрі құттықтау сөз алған «Жайықтың ақ Шағаласы» атанған қаламгер Ақұштап Бақтыгереева жас ұрпақтың болашаққа қанат самғауына осы өнер ордасының ықпалы тиеріне сенім білдіріп, талай өнер дүлдүлдері түлеп ұшқан Ақ Жайық елінде  ашылған нысанның құтты орын болуын тіледі. Ал «ҚПО б.в.» компаниясының бас директоры Джанкарло Рую көпсалалы өнер орталығы құрылысының сәтті аяқталуымен құттықтады. 

Өнер ордасының лентасын салтанатты түрде қию рәсімі ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановқа, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға, ақын Ақұштап Бақтыгерееваға және танымал скрипкашы Айман Мұсақожаеваға берілді. Еңселі өнер ордасының ішіне енген мәртебелі меймандар қылқалам шеберлерінің көрмесі мен музей көрмесін тамашалап, өнер бөлмелерімен танысты.

Зәулім өнер сарайының ашылу салтанатына арналған мерекелік кеште Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев сөз алып, өнер ордасына «Атамекен» атауы зиялы қауым өкілдерінің ұсынысымен берілгенін атап өтті. 

– Өнер шаңырағының Тұңғыш Президент алаңында бой көтеруінің  символикалық мәні бар. Өйткені киелі тәуелсіздігімізді баянды етуге Елбасымыздың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Сән-салтанаты келіскен өнер ордасы – ұлтымыздың руханиятына тамшыдай болса да қосқан үлесіміз деп есептейміз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныстыра алады» деп атап өтті. Бұл бүгінгі зиялы қауымның иығына артылатын жүктің салмақты екенін көрсетеді. Зиялылық классикалық білім алумен шектелмейді. Оның негізінде музыка, өнер, кітап оқу, бір сөзбен айтқанда, өнер мен мәдениеттің мәйегі  жатуы тиіс. Руханиятқа салынған қаржыны болашаққа салынған кірпіш ретінде түсіну қажет, – деген Ғали Нәжімеденұлы облыстағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға тұрақты қолдау көрсететін «ҚПО б.в» кен орнының басшылығы мен «Альтаир» құрылыс компаниясына  алғысын білдірді. Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы
14.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 35
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 72
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 58
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 28
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 63
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 72
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 63
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 59
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 65
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 56
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 63
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 62
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 287

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9298
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8693
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11921
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9695
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10902