Есірткі есеңгіретпесін десек...

Есірткі есеңгіретпесін десек...

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ нашақорлыққа қарсы «ESIRTKIGE JOL JOQ» жобасы аясында қалалық Полиция Департаменті және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі «Есірткісіз ұлт» қауымдастығымен бірлесе отырып, студенттер және қала жастары көп шоғырланған жерлерде рейдтік жұмыстар жүргізіп, ақпараттық буклеттер таратты.

Бүгінде әлемдік проблемаға айналып отырған нашақорлық мәселесі біздің елімізді де алаңдатып отыр. Әсіресе жастардың нашақорлыққа салынуы күн санап артып келеді. Сондай-ақ елімізде синтетикалық есірткі саудасы өршіп тұр. Есірткінің бұл түрі адам психологиясына санаулы секундта өз әсерін беріп үлгереді. Құзырлы органдар үшін синтетикалық есірткімен күресу өте күрделі мәселе. Статистикаға сәйкес 2020 жылы елде синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына байланысты 800 есірткі қылмысы анықталған. Ал бір жыл бұрын дәл осындай 291 қылмыс тіркелген. 2021 жылдың жартыжылдығында 645 құқық бұзушылық тіркелгені анықталды. Есірткі саудасы, әсіресе синтетикалық есірткі саудасы қызып тұрған қазіргідей аламағайып шақта, жастарымыздың санасын есірткі өзіне елітіп, есеңгіретпесін десек, мұндай нашақорлықтың алдын алу және тыйым салынған заттардың таралуына жол бермеу бойынша акциялар жиі ұйымдастырылып тұрса артық болмайды.

Акцияның негізгі мақсаты – диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту, оның ішінде 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастардың үлесін азайту және алдын алу. – Біз ақпараттық буклеттер таратып қана қоймай, халық арасында сауалнама өткізумен қатар кинологиялық орталыққа барып, мамандар дәріс оқиды. Жастарға есірткінің зиянын түсіндіріп, қандай да бір қиындыққа кез болған жағдайда кімнен қалай көмек сұрау керектігін түсіндіреміз, -дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ» бөлім басшысы Аймақ Әльфараби Нұркенұлы.

Кездесу барысында «Есірткісіз Ұлт нашақорлықтың алдын алу жөніндегі қазақстандық қауымдастығының төрайымы Әсия Шакаева мен Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің УПН басшылығы өкілдері, «Астана жастары» ЖРО еріктілері қатысушылар қойған сұрақтарға жауап берді. 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
05.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9043
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9429
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646