«Есірткісіз – болашақ» акциясы

«Есірткісіз – болашақ» акциясы
​Жамбыл ауданында нашақорлыққа қарсы акция ұйымдастырылды. Ғасыр індетіне қарсы тұру, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында өткен акция 26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында арнайы өткізілді.
Акцияда аудан әкімінің орынбасары Досымбекова Махпал Сатыбалдықызы сөз алып, жастарға нашақорлықтың зияны мен қоғамға әсері туралы айтып өтті.
Одан бөлек аудан жастары флешмоб ұйымдастырып, жас спортшылар спорт түрлерінен жаттығулар көрсетті.
Сондай-ақ аудандық мәдениет үйінің “Дарын” халық театры арнайы қойылымды көпшілік назарына ұсынды. Акция соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, жас шығармашылық топ сурет, қима қағаздан құрастырмалар мен суреттер салды.
Жамбыл ауданы әкімдігі
26.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5123
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5283
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20243
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18885
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22344