«Ескі Қазақстан» олигархтарының халықтан ұрлаған қарызын неге іздемейсіздер.....?!

«Ескі Қазақстан» олигархтарының халықтан ұрлаған қарызын неге іздемейсіздер.....?!

Бұл ақша халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін  тигізері сөзсіз

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Бас прокуратурадан «ескі Қазақстан» олигархтарының халықтан ұрлаған қарызын неге қайтармай жатқанын сұрады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Мәжілісте «Халықтың шамадан тыс несие алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру туралы» парламенттік тыңдау өтті. Жиында депутат өзекті сұрақты қойды. 

Әрине, Үкіметтің халыққа жанашырлықпен несие алма деп ақыл айтып жатқаны дұрыс. Бірақ аш адамға ақыл қонбайды. Қымбатшылық кеңірдектен қысқанда, ол адамға ақыл жүре ме?! Сондықтан мен халықтың қарызын іздеуден 2 мәселені қозғағым келеді. Бас прокуратура, сіздер «ескі Қазақстанның» халық алдындағы қарызын неге іздемейсіздер? Сауықтырамыз деп Ұлттық қордан банктерге берілген триллиондаған қарызды қайтаруды неге талап етпейсіздер? Сіздер халықтың қарызын емес, бірнеше банкті біріктіріп, қыруар сауықтыру қаржысын бір банкке жинастырып, оның барлығын сыпырып-сиырып алып кеткен назарбаевтық олигархтарға тиесілі банктердің халыққа қарызын неге іздемейсіздер? Егер сол триллиондар қайтарылатын болса, халықтың қазіргі несиелік қарызын 10-20 есе жауып тастауға болар еді, - деді Ермұрат Бапи.

Сондай-ақ ол сыртқа заңсыз шығарылған активтер Қазақстанға қалай қайтарылып жатқанын сұрды.

«Активтерді елге қайтарамыз деп заң қабылдадық. Заң қалай орындалып жатыр? Өткенде уәкілетті органның құрылғаны хабарланды. Бірақ ол хабар мардымсыз болды. Президенттің тапсырмасымен сол активтерді қайтару комитетіне 130 адам мүше болған. Қазір 30-40 адам деген ақпарат бар. Комитетте нақты қанша адам бар? Комиссияның құрамында азаматтық қоғам өкілдерінен кімдер бар?» - деді депутат.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Биыл 5 қазанда мемлекет басшысының Жарлығымен комитет құрылды. Оның штаты да бар. 900 млрд-тан аса теңгенің бәрін мемлекеттің пайдасына қайтардық. Сырттан шамамен 600 млн доллар мемлекетке аударылды. Ауқымды жұмыс әлі жүргізіліп жатыр. Оның ішінде көптеген жер қайтарылды. 

Әрине, комиссияның нақты құрамы бар. Оған Парламент депутаттары және қоғамдық белсенді азаматтар кірді. Олардың аты-жөнін сізге жеке беремін. Комитеттің реестріне нақты қандай тұлғалардың кіргеніне қатысты мәселе әлі жабық. Бірақ бұл жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ бүгінгі регламентті сақтау үшін сізбен жеке кездесіп, мәселе бойынша толық хабар беруге дайынмын», - Ермұрат Бапи

Ермұрат Бапи
21.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 925

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602