Ет неге қымбаттады?

 Ет неге   қымбаттады?

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистер қойған бұл сауалға қатысты түсініктеме берген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев:  «Министрлік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер деңгейінде ет бағасын бақылап отыр. Кеше баға түсіп жатыр деп айтты. Көтерме баға өсіп жатқан жоқ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бойынша қатты өсім байқалмайды, біз бағаны ұстап тұрмыз. Бізде қазір басқа мәселенің шеті шығып тұр. Ол – мал өсірушілердің етті сатып алу бағасының төмен екеніне шағымдануы. Кеше тыңдау өтті, депутаттар осы мәселені қозғады. Мал өсірушілер еттің сатып алу бағасы тым төмен екеніне наразы. Сол үшін бізге жаңа нарық ашып, фермерлерге қолдау көрсетуіміз қажет. Қазір Қазақстан өзін етпен толығымен қамтамасыз етеді. Баға деген үнемі өседі, бірақ қатты өсім жоқ», – деп сендірді.  

Ермек Сахариев
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5192
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5352
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20317
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18953
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22417