Украинадағы ушыққан жағдайға байланысты Германияның Lufthansa әуе тасымалдаушы компаниясы ақпанның соңына дейін Киев пен Одесса қалаларына қатынайтын барлық рейстерін тоқтатты. Сонымен қатар Австрия, Швеция, Брюссель мен тағы бірнеше еуропалық әуе компаниялары да бұл бағытта уақытша ұшпайтын болды. Кеше Киевтен келген соңғы жолаушылар Франкфурт қаласына табан тіреді. Айта кетсек, жуырда Германияның сыртқы істер министрлігі отандастарынан Украинадан кетуін сұраған еді. Ал Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бірнеше елшілік көшкен Украинаның Львов қаласына рейстер әзірше сапарларын жалғастырып жатыр.