Әйгілі шешен лидері Еуропадағы шешендерді Путинге қарсы ұрысқа салуға дайын екенін айтты!
Бұл әйгілі шешен лидерлерінің бірі Ахмет Закаев (Ичкерия Шешен Республикасы лидерлерінің бірі). Екі бірдей шешен соғысына қатысқан жауынгер. 2002 жылдан бері Ұлыбританияда тұрып жатыр. Британ билігі оны Ресейге беруден бас тартып, оған саяси пана берген.
Ахмед Закаев Қазақстанда, Талдықорғанда туған.1944 жылы оның әулеті Қазақстанға жер аударылып келген екен. Кейін туған ауылдары Урус Мартанға көшкен.
Біраз жыл Мәскеуде тұрып, 1994 жылы аты мәшһүр Дудаевтың шақыртуымен ИШР-ге келеді. Мәдениет министрі болады. Сөйтіп жүріп бірінші Шешен соғысына қатысады.
Зелимхан Яндарбиевтің кезінде, ИШР президентінің көмекшісі болған.
Аслан Масхадовтың кезінде арнайы әскерді бастап екінші соғысқа қатысқан.
Сол Зеленскийге үндеу жасап, келісім ұсыныпты. Еуропадағы шешендерді бастап барып, Путинге қарсы ұрыс салуға дайын екенін айтыпты.
Закаевтың ақпаратынша Еуропада 300 мыңға жуық шешен бар көрінеді.