Food Fest фестивалі өтеді

Food Fest фестивалі өтеді

 

31 қазан 2023, Алматы, Қазақстан. – Қарашаның 4 мен 5 күндері оңтүстік астанада Халықаралық Almaty Food Fest гастрономиялық фестивалі өтеді. Дәстүр бойынша, Абай атындағы алаң бірнеше тақырыптық аумаққа бөлініп, онда кез-келген адам әлем асханаларының түрлі тағамдарынан дәм тата алады. Шараға 10 мыңнан астам адам келеді деп жоспарланып отыр. Іс-шараны ұйымдастырушы – Алматы қаласының Туризм басқармасы. 

Туристік бағыттарды таңдау кезінде саяхатшылардың тағамдарға қатысты талғамы маңызды рөл атқаратыны белгілі. Бүгінгі таңда туристердің көбі жергілікті мәдениетпен тереңірек танысуды қалайды. Ұлттық тағамдар - төл мәдениеттің бір бөлшегі.  Сондықтан гастрономиялық туризм дамып, бүкіл әлем бойынша танымал трендке айналып келеді. Шетелдік қонақтарға белгілі бір елдің тарихын, салт-дәстүрі мен мәдениетін жақсырақ түсінуге мүмкіндік беретін гастрономиялық фестивальдердің аспаздық туризм секторындағы маңызы зор. 

Almaty Food Fest – Алматының туристер мен нағыз талғампаз гурмандарды тартатынына айқын дәлел бола алады. Бұл іс-шара ұлттық мәдениет пен асханамыздың байлығын көрсетіп, қонақтарға жергілікті салт-дәстүрлер мен мәдени ерекшеліктерді айшықтай түсетін атмосфераны сезіну мүмкіндігін ұсынады.  Сондай-ақ, фестиваль шетелдік, әрі жергілікті саяхатшыларды тарта отырып, қаламыздың гастрономиялық туризмнің негізгі  бағыты ретіндегі әлеуетін арттыруға септігін тигізеді, - дейді Ғалия Тоқсейітова, Алматы қаласы Туризм басқармасының жетекшісі. 

Almaty Food Fest екі күн қатарынан өтеді. Шара өтетін орын ретінде Абай атындағы алаң (Республика сарайының алдында) таңдалған, ол бірнеше аспаздық аумаққа бөлінеді. Мұнда әлемнің түрлі ұлттық асханалары ұсынылады, оның ішінде азиялық, америкалық, грузин, окмексикалық және қазақтың ұлттық тағамдары да бар. Жалпы алғанда, Алматының 40-тан астам танымал тамақтану орны,оған қоса, қолөнершілер мен фермерлер өз өнімдерін ортаға салмақ. 

Гастрономиялық фестивальдер мейрамханалар мен жергілікті тағам өнімдерін өндірушілерге бәсекелестерінен өзгешеленіп, көзге түсуге көмектеседі. Тағамдар – елдің өзіне ғана тән болмысын паш ететін  ерекше аспект. Сондықтан мұндай ауқымды гастрономиялық шаралардың өтуі жергілікті экономиканы қолдауға, тұрақты туризмді насихаттауға, сонымен қатар, мәдени және ұлттық мұраны тереңірек түсінуге елеулі үлес қосады, - деп пікір білдірді Александр Прошенков, бас аспаз

Қонақтарға гастрономиялық ойын-сауық шаралары да ұсынылмақ,  фестиваль аясында аспаздық шоулары мен әлемдік деңгейдегі бас аспаздардың шеберлік дәрістері, бармендер мен баристалар сайысы, фермерлік өнімдер мен шеберлердің қолынан шыққан бұйымдар сатылатын жәрмеңке ұйымдастырылады.  Almaty Food Fest 2023 шарасының шетелдік қатысушылары қатарында Ұлыбритания, БАӘ, Катар мен басқа да елдердің фуд-блогерлері бар. Олар фестиваль кезінде ұсынылған ұлттық аспаздық туындыларға бейне-шолу жасайды. Almaty Food Fest шарасына келетін қонақтардың саны 10 мың адамнан асады деп көзделіп отыр. 

Толық ақпарат пен фестиваль бағдарламасын https://almatyfestfood.kz/ ресми сайтынан және @almatyfoodfest2023  Инстаграм аккаунтынан біле аласыздар. 

 

 

30.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 46
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 52
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 26
ЖЕТІСАЙДА ШЕКАРАШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 05.05.2024 30
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 22

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1280
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7325
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11194
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7383
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7532