Футбол: Әлем назары Катарда

 Футбол:  Әлем назары Катарда

Дүйсенбіде Катар елінде футболдан әлем чемпионаты басталды. Бұл чемпионат бұрынғыдан ерекше. Себебі жаз мезгілінде емес, күзгі және қысқы уақытта өткізіліп жатыр. Биылғы әлем чемпионатында соңғы мәрте 32 құрама сынға түседі. Содан кейін доп додасында ол 48 құрамаға ұлғаймақ.

Биыл 22-рет өткізілетін доп додасы жөнінде шешім 2010 жылы Швейцарияның Цюрих қаласында қабылданды. Соңғы турда Қатар – 14, АҚШ 8 дауыс алып, осылайша шағын мемлекет 2022 жылғы Әлем чемпионатын өткізу құқығын иеленді.

Катар дүниежүзі жұртшылығына мұнайға бай ел ретінде танылған. Сондықтан олар айтулы аламанға үлкен дайындық жасады. Әдетте, мұнда жаз мезгілінде ауа райы өте ыстық. Әрбір стадионда ауа салқындатқыш желісі іске қосылады. Температураның 27 градустан жоғары болмауы қадағаланады. 

Салтанатты шара Катардың тарихы мен мәдениетін бейнелейтін театрландырылған көрініс пен түрлі-түсті шоумен басталды. Ашылу рәсімінде осы елдің әмірі Тамим бин Хамад Аль Тани сөз сөйледі. Осы жолғы чемпионаттың ерекшелігі оның жаз мезгілінде емес, күзгі және қысқы уақытта өткізілуінде.  20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтетін 2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихтағы ең қымбат әлем чемпионаты болмақ. Турнирдің өтуі үшін 7 жаңа футбол стадионы, метро, әуежай, ауруханалар, қонақүйлер мен сауда орталықтары салынды.

ӘЧ алғашқы кездесуі өткен «Аль-Байт» стадионына келген жанкүйерді құралақан қайтармады. Келген жанкүйерлер топтама сыйлыққа ие болды. Арнайы дорбаның ішіне үрмелі доп, арнайы стикерлер, жалауша, брелок және т.б. заттар салынған. Бұл сый-сияпат тек VIP қонақтарға берілген жоқ. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген осы ғой!

Әлем чемпионатына жолдама алған ерекше командалардың бірі – Эквадор. Алғашқы ойында жергілікті алаң иелерін 2:0 есебімен ұтқан құрама жайлы не білеміз? 

Эквадор құрамасы өзінің тарихында үшінші мәрте Әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл мемлекет ішінде кең көлемді аталып өтіп, керемет тойланған мереке болды. Теңіз деңгейінен 2600 метр биіктікте орналасқан стадионда олар тек бір ғана қарсыластан жеңіліп қалды. Әйтпесе, өз алаңында Аргентина мен Уругвайды жеңіп, Бразилияның өзімен тең түсті. Міне, сол тау бөктеріндегі стадионда өзге команданың ойыншыларына ауа жетпей қалады. Өкпелері қысылып, бүйірі тартылады. Дем ала алмай, жайсыз күй кешеді. Осы табиғи жағдайдың арқасында Эквадор құрамасы Оңтүстік Американың күллі командаларының ішінде 4-орын алып, мундиальға жолдама жеңді.

Алайда қызықтың көкесі содан кейін басталды. Эквадор құрамасы жеребеге қатысып, Әлем чемпионатындағы қарсыластарын білген соң ФИФА-ға арыз түсті. Чили және Перу футбол федерациялары Эквадор құрамасында 8 ойын өткізген қорғаушы Байрон Дэвиде Кастильо Сегура деген азамат Эквадор азаматы емес, Колумбия азаматы екенін дәлелдеп шағым жазды. Оның негізгі құжаттағы аты-жөні Байрон Хавьер Сегура екен. Ұлттық құрамаға шақырту алған шақта оның төлқұжаты болмаған. Бірақ ФИФА Эквадор құрамасын мундиальдан шеттетпеді. Себебі күнтізбе жасалып қойған. Оның орнына өзге құраманы қосса, барлығының шырқы бұзылуы ғажап емес. Иран елінде өтіп жатқан азаматтық соғыстың салдары да футболға әсер етуі ықтимал еді. Бастапқыда Эквадор мен Иран құрамасы 2022 жылғы жаһандық жарыстан тыс қалады делінген. Ал қазір доп додасының басталуына 1 ай қалғанда бұл екі команда сайыстан сырт қалады деу қиынның-қиыны.

Эквадор құрамасының басты мақсаты – топтан екінші орын болса да плэй-офф кезеңіне өту. Екінші турда Эквадор құрамасы 25 қараша күні Нидерланд құрамасына қарсы ойнайды. Үшінші матчты Халифа қаласында Сенегал құрамасына қарсы өткізеді.

Рауан МУТАИР
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 20
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 30
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 10
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 15
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 19
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 17
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 33
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 30
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 246
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8944
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8336
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11564
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9322
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10548