Футбол: Әлемдік дода мәреге таяды

Футбол: Әлемдік дода мәреге таяды

Футболдан Катарда өтіп жатқан әлемдік додада сенсациялар тізбегі жалғасты. Жартылай финалға өту үшін болған кездесулерде фаворит саналған Бразилия Хорватиядан пенальти арқылы жеңіліп қалды. Матчтың негізгі уақытында есеп ашылған жоқ. Экстра таймда Неймар (105 м) есеп ашқанмен, Бруно Петкович есепті теңестірді. Ойын соңындағы пенальти сериясында хорваттықтар қарсыластарын 4:2 есебімен жеді. Ал, Аргентина мен Нидерланды командалары арасындағы матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып (гол авторлары: Молина, Месси – Вегорст-дубль), 11 метрлік пенальти соғуда Мессидің командасы голландықтарды 4:3 есебімен ұтты. Жартылай финалда енді Хорватия мен Аргентина кездеседі. Марокко мен Португалия арасындағы матчта күтпеген нәтиже тіркелді.  Матчта 1:0 есебімен африкалық команда жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 42-минутта Юссеф Эн-Несири соқты. Жартылай финалға соңғы болып жолдама алған – Франция құрамасы. Дидье Дешамның шәкірттері Англияны 2:1 есебімен жеңді (гол авторлары: Орельен Тчуамени, Оливье Жиру – Харри Кейн). Финалға өту үшін енді Марокко мен Франция сайысады.Футболдан Катардағы әлем кубогында Аргентина құрамасы жартылай финалда Хорватия құрамасын 3:0 есебімен жеңіп, финалға шықты. Әлем футболының жұлдызы Леонель Месси әлем чемпионы атануға екінші рет талпынып көрмек. Аргентина құрамасының лидері 35 жастағы Месси, осы елдің 22 жастағы үміті Хулиан Альварес және алаңға шыққан тағы тоғыз аргентиналық еш қиындықсыз финалға өтті.

Аргентина-Хорватия матчының 34 минутында Месси пенальтиден есеп ашса, 39 минутта Альварес есепті еселеді. Ал 69 минутта Месси шығарған әдемі пастан Альварес тағы бір гол салды. Хорватия құрамасы 90 минут бойы Аргентина қорғанысынан саңылау таба алмады.

Ермек Сахариев
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1097
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7143
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10995
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7207
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7352