Футбол: «Қайрат» жаңа маусымды жеңіспен бастады

Футбол: «Қайрат» жаңа маусымды жеңіспен бастады

     Алматының «Қайраты» жаңа маусымды жеңіспен бастады. 8-і наурыз күні  футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің бірінші турының екінші күнгі ойындары өтті. Алматының «Қайраты» өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдады. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде алматылық шабуылшы Хосе Канте 67-і минутта пенальтиден есеп ашса, 83-і минутта тағы бір мәрте мергендік танытты. Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде көш басына шықты. Бірінші турдың алғашқы 5-і наурызда алғашқы турдың шымылдығын ашқан «Ордабасы» (Шымкент) «Мақтарал» (Түркістан облысы) командалары арасындағы ойында 1:1 есебі тіркелді. Ал «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Атырау» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Тұран» (Түркістан) мен «Тараз» ойындарында командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді. Сондай-ақ, «Каспий» (Ақтау) мен «Қызылжар» (Петропавл) кездесуінде ақтаулық клуб 1:0 есебімен басым түсті. Дәл қазір «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақжайық» (Орал) кездесуі 1:0 есебімен қосжеңісімен аяқталды. Енді екінші тур ойындары 10 және 11 наурыз күндері өткізіледі.

 

Ермек Сахариев
09.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5007
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5173
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20128
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18773
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22230