УЕФА Ұлттар лигасы – 2022 топтық кезеңі аясында «Астана Арена» стадионында өткен ойында Қазақстан құрамасы Беларусь командасын 2:1 есебімен жеңді. Қазақстан футболшылары өз жанкүйерлерін бірінші болып қуантты. 29-минутта қорғаушы Михаил Габышев гол соқты. Бірақ Беларусь командасы бірінші таймның аяқталуына бірнеше секунд қалғанда нәтижені теңестіріп кетті. Осылайша Павел Савицкий өз шеберлігін байқатты. Екінші тайм алаң иелерінің үздіксіз шабуылдарынан басталды, гол соғу мүмкіндіктері де аз болмады. Осындай сәттердің бірінде, 70-минутта мәскеулік ЦСКА-ның қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов тамаша гол соқты. Осылайша, 2:1 есебімен жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет Ұлттар лигасындағы өз тобынан суырылып шығып, жоғары дивизионға көтерілуге мүмкіндік алды.
Ұлттар лигасындағы соңғы ойынын Қазақстан құрамасы сырт алаңда Әзербайжанға қарсы өткізді. Ойын 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. 6 турдан кейінгі топтағы жағдай мынадай: Қазақстан – 13 ұпай, Әзербайжан – 10 ұпай, Словакия – 7 ұпай, Беларусь – 3 ұпай. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы С лигасының үшінші тобында өнер көрсетеді. 22 қыркүйекте ұлттық құрама Беларусьті (2:1) жеңіп, мерзімінен бұрын 1-орынға қол жеткізген болатын.