ҒАСЫРЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ БАР КӘСІПТІК БІЛІМ ОШАҒЫ

ҒАСЫРЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ БАР КӘСІПТІК БІЛІМ ОШАҒЫ

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжіне – 105 жыл

Кез келген мемлекеттің дамуы ең әуелі білікті мамандардың жеткілікті болуына тікелей байланысты. Бүгінде ғылыми-техникалық прогресс пен еңбек нарығының өзгермелі талаптары кадр даярлау ісіне жаңаша көзқарас қажет екенін көрсетіп отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айрықша атап өтті.


– Бізге білікті мамандар өте қажет. Әсіресе ол саланың жетік білгірлері нағыз шеберлер керек. Қазіргі тілмен айтсақ, «сапалы жоғары адами ресурстар» қажет. Өйткені білікті, саналы адамдар – ұлттың экономикалық арқауы, ел болашағының кепілі. Осыған мемлекет қажетті жағдай жасап, тиісті көмек беріп келеді. Бұл – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі, – деді Президент өз сөзінде.
Бұл ретте елімізде кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары білікті кадрлар даярлауда маңызды рөл атқаратыны белгілі. Колледждер тек теориялық білім беріп қана қоймай, жастарды нақты еңбек нарығының сай тәжірибелік дағдыларын қалыптастырып, сұранысқа ие маман иесі болуға жол ашады. Бұл тұрғыда биыл негізі қаланғанына 105 жыл толып отырған Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі өз миссиясын жүйелі жүзеге асырып келеді.
Колледждің іргетасы 1920 жылы Шымкент қаласында педагогикалық техникум болып құрылудан бастау алады. Алғашқы директоры – қоғам қайраткері Садуақас Айтұлы болса, 1928-1929 жылдары техникум тізгінін көрнекті қайраткер, жазушы, Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытов ұстады. Одан кейінгі жылдары колледжде түрлі білікті мамандар басқарып, оқу ордасының дамуына зор үлестерін қосты. 1923 жылы техникум Сырдария округтік Атқару комитетінің қаулысымен Шымкенттен Әулиеатаға көшіріліп, Жамбыл педагогикалық училищесі деп қайта аталды. Ал 1945 жылы оған ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімі берілді.
Бір ғасырдан астам уақыт ішінде колледж түлегі атанғандар бүгінде еліміздің, елімізден тыс аймақтарда танымал тұлғаларға айналды. Олардың қатарында ақындар – Сырбай Мәуленов, Әбділда Тәжібаев, академик Төлеген Тәжібаев, ғылым докторлары – Мәулен Балақаев, Нығметулла Киікбаев, Жаңғара Дәдебаев, қоғам қайраткері, Жамбыл облыстық халық ағарту басқармасының басшысы болған Жапай Жарқыбеков, қаламгер – Артықбай Божбанбаев, Шәрбан Мұсабекова және жазушы Тынымбай Нұрмағамбетов бар. Бұлардан да өзге еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті қызмет атқарып жүрген түлектері жетерлік.


Тәуелсіздіктің ақ таңы атқан сәттен бастап білім ордасының көкжиегі кеңейіп, дамудың даңғыл жолына қадам басты. Колледжде жыл сайын заман талабына сай өзгерістер енгізіліп, сұранысқа ие мамандықтар ашылуда. Қазіргі таңда оқу ордасында 11 мамандық, 15 біліктілік бойынша 1885 студент білім алып жатыр. Ол мамандықтардың дені педагогика мен мәдениет салаларына бағытталған. Сондай-ақ, студенттерге тәлім-тәрбие беруде 189 оқытушының барлығы дерлік жоғары білімді, түрлі педагогикалық дәрежелерді иеленген білікті ұстаздар.Оның 7-і Ы.Алтынсарин атындағы медальдің иегерлері, 1 ұстаз ҚР Білім беру ісінің үздігі, 1 ұстаз ҚР«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі иегерлері, 19 ұстаз ҚР білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен, 7 ұстаз ҚР білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен,
2 ұстаз Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, 25 ұстаз магистр, 4 ұстаз педагог-шебер, 29 ұстаз педагог-зерттеуші, 43 ұстаз педагог-сарапшы, 54 ұстаз педагог-модератор сапалы білім беру жолында аянбай тер төгуде.
Колледждің материалдық-техникалық базасы да жылдан жылға нығайып келеді. Айталық, бүгінде оқу процесінде «Автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесі» бағдарламасы негізіндегі электрондық кітапхана, оқу, хореография залдары, коворкинг, мұражай, «Абайтану» орталығы, «Кәсіптік бағдар беру алаңы», «Кәсіптік бағдар беру кабинеті», психологиялық кеңес беру орталығы мен «Студенттік парламенті» бар.
Сондай-ақ қазіргі таңда әлеуметтік серіктес ретінде 27 мекеме колледжбен бірлесе жұмыс істейді.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының бастамасымен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында маңызды қадамдар жасалуда. Осы орайда халықаралық деңгейде И.Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік университетімен, Анкара музыка және бейнелеу өнері университетімен, Қытай Халық Республикасындағы Шыңжаң педагогикалық институтымен және Корея мемлекетіндегі KARIS қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұған қоса өнер бағытындағы мамандықтарды дамытуда 90 жылдан астам тарихы бар П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжімен, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясымен, Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжімен, Ыдырыс ноғайбайұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжімен, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі секілді оқу орындарымен де тығыз байланыс орнаттық. Басқа аймақтар білім беру саласында біржақты жобалармен жүзеге асса, оқу бағдарламаларын жетілдіру, студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту, тиімді инновациялық жобаларды ендіру және енгізуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

Сондай-ақ «Жібек-Жолы» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, Шымкент қаласындағы «Мирас» университетімен де өзара ынтымақтастық жөнінде келісім жасалды. Сонымен қатар ынтымақтастық нәтижесінде колледжіміздің бөлімі ретінде Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің «Педагогика, психология және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының филиалы ашылды, – дейді колледж директоры Саятбек Елеуов.

Сондай-ақ бұл білім ордасы Жамбыл облысының техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Жол картасы негізінде педагогикалық бағыттағы тірек колледжі ретінде бекітілген. Осыған орай колледждің педагогикалық іс-тәжірибесі облыста педагог мамандарды даярлайтын 6 мекемемен іс-тәжірибесі таратылып отыр. Мұндағы мақсат – колледждің оқу процесінің сапасын басқарудың инновациялық тетігімен таныстыру, өзара тәжірибе алмасу.
Колледж тарихының қазіргі жаңа белесінде білім бере алатын педагог мамандарды даярлау ісі де нақты жолға қойылған. Осыдан орай өткен жылдан соңғы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Сингапурдың «Marshall Cavendish Education» компаниясы арасында ынтымақтастықтың туралы меморандум жасалған болатын.
Колледжде «Бастауыш білім беру» және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтары бойынша жаңа білім беру бағдарламалары ендірілді. Оның ішінде арасындағы заманауи түсініктер мен технологиялар негізінде оқытудың мүмкіндігі ашылды. Оның үстіне елімізде де балабақшаға балабақшадан бастап 1-сыныптан бастап ағылшын тілін қосымша үйретуге тырысатын ата-аналар тарапынан да сұраныстар өте көп. Осыған орай биылғы оқу жылында колледждің оқыту бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, жоба кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатыр. Жалпы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқу бағдарламаларын әзірлеуге академиялық еркіндік берілген. Бастапқыда біз ана тілінде білім беру жүйесі қалыптасқан бірнеше мемлекеттің, оның ішінде тәжірибелерін жан-жақты зерделедік. Соның ішінде Сингапурды таңдадық. Себебі бұл ел жаһандық сараптамалар бойынша оқу сапасы бойынша алдыңғы деңгейде тұр. Осы жоба аясында «Marshall Cavendish Education» компаниясы арқылы педагогтерді таныстырудан өткізіп, олардың заманауи білім беру компоненттерін пайдалануы арқылы оқытудың үздік тәсілдерін тәжірибеге енгіземіз, – дейді Саятбек Боранбайұлы.
Осы ретте атап өтерлігі, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы тарапынан «Marshall Cavendish Education» компаниясымен бірлесіп, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі мен «LIS International School» халықаралық мектебі аймақтағы озық білім беру, оқыту әдістемесін тарататын негізгі орталық ретінде қалыптастыру көзделуде.

Колледжде білім алуға ниетті талантты жастарға барлық жағдай жасалған. Айталық, мұнда оқу-өндірістік базаның жаңартылған түлегі. 120 орындық жатақхана қажетінше жабдықталған. Мұнда студенттердің сапалы білім алуына мүмкіндік ашылып жүзеге асырылды. Студенттер үйі заманауи стандарттарға сай асхана, бару-келуіне ыңғайлы инфрақұрылым, жаттығу бөлмелері, кір жуу және демалыс залдары, асхана мен кір жуу бөлмелерімен қамтамасыз етілген.

Оқу ордасы ұжымының қол жеткізген толымды табыстары да баршылық. Білім ошағы 2019,2023 жылдары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен байқауда «Үздік колледж» номинациясын иеленіп, 1 миллион теңгенің сертификатына қол жеткізді. Сонымен қатар халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде де көптеген турнирлер мен конкурстарда Аймақтық «WorldSkills Kazakhstan» Республикалық чемпионатында қатысып жеңімпаздар қатарынан көріне білді.ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» Республикалық байқауында Майра Базылбаева, Айсұлу Тұрымбек, Алимкул Нұрдәулет, Садатқызы Шолпан және Жұмасил Нұрсұлтан үздік атанып, жеңімпаздар қатарынан көрінді.
Бағалау, қамтамасыз ету және оқыту сапасын арттыру, нәтижелерді мониторинг жүргізетін мониторинг нәтижесінде оқу орны 214 колледждің ішінде «гуманитарлық-экономикалық» және «өнер-гуманитарлық» бағыттары бойынша қатардағы ең алғашқы 3 орынды иеленді. Сонымен қатар «Табысты менеджмент-2023» облыстық байқауында үздік басқарушы менеджменттің жүлделі ІІ орнын иеленді. Бұған қоса ұжымның ұстаздары мен епті студенттерінің қол жеткізген жемісті жетістіктері де баршылық.

2017 жылы Республикалық деңгейде «Үздік педагог» атағын Наметкулова Сандуғаш, 2025 жылы Баялиева Айжан иеленсе, облыстық деңгейде колледж оқытушылары бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, «Үздік педагог-2020» байқауында Асанова Нұризат, «Үздік педагог-2021» байқауында Тағашбаева Рабиға ІІІ орынды, «Үздік педагог-2023» байқауында Баялиева Айжан ІІ орынды, «Үздік педагог — 2024» байқауында Баялиева Айжан І жүлделі орынды, «Үздік педагог — 2025» байқауында Шалибекова Галия жеңімпаз атанды.

«Жамбыл облысының білім саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Маемырова Мейрамкүл, Серикова Забира, Есиркепова Мадина марапатталды.
Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін педагог-шеберлер Наметкулова Сандуғаш, Алимбаева Жанат, Серикова Забира, Сейсенбаева Айымгуль «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
Астана қаласында өткен «Мұғалім Talks» кейс платформасына Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы З.Худатаева қатысып, ерекше қажеттілігі бар тәрбиеленушілермен жұмыс істеу кезінде педагогтың қиындықтары мен жеткен жетістіктері жайлы өз тәжірибесімен бөлісіп «AMANAT» партиясының «Ұстаз-ұлт айнасы» төсбелгісімен марапатталды.
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында өткен Техникалық және Кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында А.Ислямов атындағы ІІ республикалық «Үздік педагогикалық эссе» байқауына Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Шалибекова Ғалия қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
4 жыл қатарынан Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің колледж базасында өткізілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы мәдениет және өнер саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсында Бас жүлде -8 оқытушы, І орын-7 оқытушы, ІІ орын-11оқытушы, ІІІ орын-11 және 6 оқытушы түрлі номинацияларға ие болды.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы Білім беру саласы бойынша кәсіби шеберліктің Республикалық байқауында І орын Наметкулова Сандуғаш, Шалибекова Ғалия иеленсе, Сейсенбаева Айымгуль ІІ орынмен марапатталды. «Тапқыр педагог» номинациясымен Баялиева Айжан, арнайы пән оқытушысы Ахметов Мұрат «Кәсіби шеберлігі үшін» номинациясына ие болды.
Бүгінде колледж заманауи талаптарға сай жаңарып отыр. Жаңа мамандықтар ашылып, цифрлық технологиялар оқу үдерісіне енгізілген. Студенттер тәжірибелік сабақтар арқылы кәсіби дағдыларын жетілдіріп, еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуда. Ғасырлық тарихы бар бұл колледж – тек білім беретін мекеме ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын жалғаған, ел дамуына үлес қосқан рухани орда. Оның тарихы – жетістікке толы жол, ал болашағы – жарқын әрі сенімді.

19.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21234
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21013
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 36201
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34625
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38559