Қарағандыда орталықтандырылған газ жүйесіне қосуға біржолғы әлеуметтік көмеккөрсетіле бастады. Мөлшері 100 АЕК-ке дейін (318 мың тг.) қаражат газ жабдығын жеткізуге жәнеорнатуға арналған нақты шығындарға байланыстытөленеді.
Әлеуметтік көмек көрсету ережесі қалалықмәслихаттың шешімімен бекітілген.
Газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмеккелесі санаттағы тұрғындарға көрсетілетін болады:
- жасына байланысты зейнеткерлерге;
- мүгедек адамдарға, сондай-ақ мүмкіндігішектеулі балалары бар отбасыларға;
- көп балалы отбасыларға;
- атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
- басқа мемлекеттер аумағындағы ұрысқимылдарының ардагерлеріне;
- жетім балалар мен ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған балалардыңқорғаушыларына немесе қамқоршыларына.
Отбасының бір мүшесіне есептегенде орташажан басына шаққандағы табысы 2,5 ең төменгікүнкөріс деңгейінен аспауы тиіс (қазіргі уақытта – 93 473 тг.). Газ жабдығын орнату туралы келісім-шарт жасалған сәттен бастап бір жыл ішіндекөмекке жүгінуге болады.
Өтінішті Қарағанды қаласының жұмыспенқамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне(Поспелов көшесі, 16) немесе электрондық үкіметпорталы арқылы беруге болады.
Қажетті құжаттар:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) газ жабдығын жеткізумен және орнатуменбайланысты тұлғаның (отбасының) шығыстарынрастайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтер көрсетугеарналған шарт);
3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстарытуралы мәліметтер;
4) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі(зейнетақы куәлігі, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәлігі);
5) жылжымайтын мүлікке тіркелгенқұқықтардың жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
6) Екінші деңгейдегі банктегі не "Қазпочта" акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірітуралы мәліметтер.
Толық ақпарат мына телефондар бойынша: 8-708-436-06-45, 30-02-24.