ГАЗЕТТІҢ БАҒАЛЫ ДА БАТЫЛ БАСТАМАСЫ

ГАЗЕТТІҢ БАҒАЛЫ ДА БАТЫЛ  БАСТАМАСЫ

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Газет – қоғамның үні, құлағы һәм көзі» деген теңеу бағалауына еліміздегі БАҚ-тар лайықты жауап беріп отыр ма? Осы сұрақ ойыма оралғанда, ең алдымен өзім сүйіп оқитын, біршама уақыт өзім қызмет атқарған «Qazaqstan dauiri» халықаралық, қоғамдық-саяси газетін мақтана айта аламын. Бұл басылым ел өміріндегі ең өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, ұтымды ұсыныстарын батыл айтып жүр. Ол ұсыныстар көпшілік оқырмандар көңілінен шығып, қолдау табуда.

Осы жерде «Qazaqstan dauiri» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы мен газеттің бас редакторы, жазушы, журналист Ертай Айғалиұлы басқарып отырған басылымның шығармашылық ұжымына алғысым шексіз! Басшы – біреу, қалғаны – тіреу болып, ортақ мақсатта «бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол» шығарып отырған ұжым ғана елдің сөзін сөйлей алса керек. Басылым бетіндегі өзекті мәселе көтеріп отырған мақалалардан ұйымшыл ұжымның бейнесі айқын көрініп тұр. Мен әріптестерімнің Әділетті Қазақстан орнатуға зор үлес қосатынына сенімдімін!

Мен газет бетінде жарияланған жақсы мақалалардың бәрін тізбелеп жатпай-ақ, өткен жылдың 22 желтоқсанындағы санында жарияланған «Желтоқсан көтерілісіне мәртебе беру – Әділетті Қазақстанның мәртебесін көтеру» тақырыбымен «Тәуелсіздік. 1986. Желтоқсан» қоғамдық бірлестігі мен «Qazaqstan dauiri» газетінің бірлескен «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан көтерілісі» атты «дөңгелек үстелдің» айқара беттегі материалдарын ғана мысалға келтіргім келіп отыр.

Отаншыл азамат, белсенді оқырман ретінде осы ашық пікір алмасу кезінде сөз сөйлегендердің барлығының ұсыныстарына екі қолымды көтеріп қосыламын. «Дөңгелек үстелге» қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ашық хат жолдаған екен. Қайталап жатудың қажеті болмас, Ашық хатта қойылған талаптардың бәрі халықтың көкейінен шыққандай. Осы жерде менің де өз ұсынысым бар. 1986 жылы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың қаза тапқандарына «Желтоқсан көтерілісінің батыры», көзі тірі жүргендеріне «Желтоқсан көтерілісінің ардагері» атақтары лайық.

Бізде «Ауған соғысының ардагерлері» қоғамдық бірлестігі бар. Оларға заңмен мәртебе беріліп, бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Олар жат жерде интернационалдық борыштарын өтегендер. Ал, желтоқсандықтар өз елімізде, өз жерімізде Әділеттілік, Тәуелсіздік үшін көтеріліс жасағанын ұмытуға болмайды ғой. Осы қаперде болса екен» деген ұсыныс тілегім бар. Мен Желтоқсан көтерілісі, оның батырлары туралы алғашқылардың бірі болып қалам тербеген едім. Сондай мақаламның бірін сүйікті газетіме ұсынып отырмын.

Болат ЖАППАРҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Тараз қаласы
12.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 354
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6459
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8168
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6539
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6675