Газиантептен оралған қазақстандықтар зілзала туралы естеліктерін айтты

Газиантептен оралған қазақстандықтар зілзала туралы естеліктерін айтты

 Кеше Түркияның Газиантеп қаласынан Қазақстан азаматтары эвакуацияланған еді. Қазақстан жіберген арнайы бортпен 16 қазақстандық және екі Қырғызстан азаматы елге келді. Жойқын зілзала куәгерлері оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Жолаушылардың бірі – алматылық Марина Фаргеева Түркияда білім алып жатқан немересіне қыдырып барған. Оның екінші немересінің аяғына зақым тиіп, елге балдақпен жетті.

«Әрине, жер сілкінісі қорқынышты нәрсе, қазір үйімізге аман жеткенімізге қуаныштымыз. Менің немерем Түркиядағы медициналық университетте оқиды. Екінші немеремді алып, қонаққа барғанбыз. Институтта немереме Қазақстан елшілігіне жүгіну керектігі айтылды. Сондықтан біз елшіге өте ризамыз. Ол барлық сұрақтарымызға жауап берді, бәрін тез жасады. Қазір Отанымызға келдік. Көмек үшін рахмет айтамыз», - деді Марина Фаргеева елорда әуежайында тілшілерге берген сұхбатында.

Тағы бір отандасымыз Асадулла Арыстанов Газиантеп қаласына жеке жұмысымен, бизнеспен айналысуға келген. Ол Иран мен Түркиядан тоқыма бұйымдар мен кілемдер әкеп сатады.

«Біріншіден, мен еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін. Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиевке де алғыс айтқым келеді. Біз расында да қиын жағдайда қалдық. Консулдықтың ресми сайтына кіріп, дипломатиялық өкілдік қызметкерінің нөмірін таптық. Олар бізге бірден жауап берді. Бір қоңыраудан кейін Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қызметкерлері хабарласып, эвакуацияны ұйымдастырды. Бізге жол көрсетіп, қайда күтетінін түсіндірді. Азаматтарын қиыншылықта қалдырмай, еліне аман-есен жеткізгені үшін Президент пен елшілікке алғысымызды білдіреміз», - дейді Асадулла Арыстанов.

Алматылық Райхан Набиева Газиантепте тұратын туыстарына қонаққа барған және сонда үш ай тұруды жоспарлаған.

«Алайда жер сілкінісі менің жоспарларымды өзгертті. Маған көмектескен Түркияның Қазақстандағы елшілігінің қызметкерлеріне рахмет, аман-есен еліме жеттім. Жиенім Алматыда полицияда жұмыс істейді. Ол маған көмектесті, қызметкерлермен, құтқарушылармен хабарласты. Барша қазақстандықтарға рахмет. Бәрі жақсы, уақытында құтқарылды, жақсы ұшты. Жер сілкінісі болған кезде қонақта отыр едім. Естіген бойда көшеге жүгіріп шығып, таңға дейін көліктерде отырдық. Құрбан болғандар көп болды. Алла барлығына жәрдем берсін», - деді Райхан Нәбиева.

Түркиядан арнайы ұшақпен келген Қазақстан азаматтарының арасында фармацевт Ермек Бисенбаев пен Елена Ли де болды. Олар Газиантепке іссапармен барған.

«Біз фармацевтикалық компанияданбыз. Газиантепке іссапармен бардық. Барлығы көз алдымызда болды, мұндай жер сілкінісін өмірімізде бірінші рет көрдік. Құдайға шүкір, осы уақыт ішінде елшілік қызметкелерімен байланыста болдық. Олар бізге жан-жақты қолдау көрсетті. Қазақстанның Түркиядағы Елшілігіне алғысымызды білдіргіміз келеді. Газиантепке елші Еркебұлан Сәпиевтің өзі көмекшісімен бірге келді. Олар біздің Төтенше жағдайлар министрлігінің делегациясымен бірге болды, оларды қарсы алды, бізді эвакуациялауды ұйымдастырды. Ол жерде рейстер тоқтатылды. Біз сонда қанша болатынымызды білмедік. Бірақ Елшілігіміздің арқасында арнайы ұшақпен ұша алдық», - деді фармацевт Ермек Бисенбаев.

Елена Лидің айтуынша, жер асты дүмпуін сезгеннен кейін бес фармацевттен тұратын топ дереу құжаттарын жинап, киініп, көшеге жүгіріп шыққан.

«Біз қонақ үйде болдық. Шындығында, біз түнде келгендіктен, ахуалды бірден түсіне қоймадық. Біздің команданың бір бөлігі Алматыдан, бір бөлігі Әмірліктен ұшып келді. Қатты шаршадық. Көптеген адамдар сәбилерімен жалаңаяқ далада жүрді. Қар екі сағаттан астам уақыт жауды. Барлығы сыртта тұрып, жер асты дүмпуінің басылуын күтіп тұрды», - деп бөлісті Елена Ли.

Сондай-ақ, Қазақстанның арнайы ұшағымен қырғызстандық ерлі-зайыпты Жанат пен Айбөбек келді. Олар Газиантепте тұрады және жұмыс істейді. Оның әйелі Шымкентте туып-өскен. Сондықтан ерлі-зайыптылар Астанаға арнайы бортпен келді. Содан кейін олар Шымкентке, әрі қарай Бішкекке баруды жоспарлап отыр.

«Бұл менің алғашқы тәжірибем, зілзаланы бірінші рет көруім. Біздің елде жер сілкінісі 3-5 секундқа созылатын, ал онда бір жарым минут бойы қозғалып тұрды. Оның үстіне таңғы төртте шырт ұйқыда жатқан едік. Үйімізде жарықшақ пайда болды, толық қираған жоқ, өйткені салыстырмалы түрде жаңа ғимарат еді», - деп еске алды Жанат.

 

08.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 85
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 605
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 722
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 634
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 644

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8782
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8181
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11410
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9164
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10394