Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады

Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады

Германия соты Facebook желісінде федералдық канцлер Фридрих Мерцтің атына қорлайтын пікір жазған екі қолданушыға салынған айыппұлды заңды деп таныды.

Олардың бірі саясаткерді «Lügenfritz», яғни «өтірікші Фриц» деп атаған. Эринген қаласының соты оған 30 күндік мөлшерлеме көлемінде айыппұл салды. Бұл шамамен бір айлық табысқа тең және 2 мың еуродан асуы мүмкін. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Тағы бір қолданушы «Ftzn Frieder» деген дөрекі лақап ат қолданғаны үшін осындай айыппұл алды.

Жалпы Хайльбронн прокуратурасы 39 пікірді қараған. Оның 15-і бойынша іс тоқтатылды, қалғандары басқа ведомстволарға жолданған немесе әлі қаралып жатыр.

Бұған Мерцтің Хайльброннға сапары кезінде ұшуға тыйым салынғаны туралы полицияның Facebook-тегі жазбасы себеп болған. Пікір қалдырғандар Германия Қылмыстық кодексінің 188-параграфы бойынша жауапқа тартылды. Бұл бап саясаткерлерге қатысты қорлау мен жала жабу үшін жауапкершілікті көздейді.

08.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25696
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25151
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42575
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38417
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42951