BBC: «Германияда Бундестагқа сайлау өтіп жатыр. Сайлауға қатысушы билеуші Христиан-демократиялық одаққа 19 жылда бірінші рет Ангела Меркель жетекшілік етпейді. Германия канцлері Ангела Меркель үш жыл бұрын сайлаудан кейін демалатынан мәлімдеген»,– деп хабарлайды. Сайлау алдында жүргізілген сауалнама бойынша, Германияда ұзақ уақыт бойы кезек-кезек бір-бірін алмастырып отырып, елді билеген екі партия – Христиан-демократиялық одағы мен Социал-демократиялық партияның дәуірі аяқталуы мүмкін. Сонымен қатар «Германия үшін балама» мен неміс жасылдары жақсы көрсеткіш көрсетуде. Одан бөлек, Христиан-демократиялық одақтан көбісі бас тартуда. Бұрын сайлаушылар бұл партияға Меркель үшін дауыс берген. Нәтижесінде Социал-демократтар, Христиан-демократтар және жасылдардың рейтингілері бір-біріне өте жақын. Соған байланысты сайлаудан кейін Германияны тағы да коалиция басқаруы мүмкін деп болжанады.