Грантпен білім алған түлектер ауданда қызметке конкурссыз тағайындалады

Грантпен білім алған түлектер ауданда қызметке конкурссыз тағайындалады

Жоғарғы оқу орнын үздік бітірген түлектер конкурстан өтпей-ақ мемлекеттік қызметке жұмысқа орналаса алады. Оқуын грантпен аяқтаған азаматқа ауылды жерлерден және аудандық әкімдіктен лауазым ұсынылады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Дархан Жазықбаевтың айтты.
Оның айтуынша, сенімді ақтамаған мемлекеттік қызметшіні президент өзі жұмыстан шығара алады. Ал қызметінен қуылған адам мемлекеттік органда 3 жыл бойы жұмыс істей алмайды.
«Екі тоқсан бойы жұмысы тиімсіз бағаланған қызметшілердің лауазымы төмендетіледі. Төменгі лауазым бос болмаған жағдайда жұмыстан шығарылады. Бұл мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету болып отыр», – деді ол.
Ал, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жоламановтың айтуынша, президент резервіне кадр іріктеу биыл да жалғасатын болады. Мамандарды салалық органдардың өкілдері таңдайды. Яғни, қандай салаға маман тапшы сол қызметке адам іздейді. Ал бізде көбіне IT, энергетика, білім сынды салаға білікті азаматтар қажет.
«Қазіргі алғашқы кезең бойынша 300 адам іріктелді. Екінші іріктеуде 50 маман алдық. Жалпы саны — 350. Бүгінде бұл азаматтардың 258-і жұмысқа орналастырылды. 23-і мемлекеттік саяси қызметте, ал 10 адам «А» корпусында жоғары лауазымға тағайындалды», – деді ол.

arainfo.kz
23.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.01.2023 380
ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЫЛЫЖАЙ ИЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.01.2023 345

Топ жаңалықтар

1
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 306
2
ТҮРКІСТАНДА «ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ – АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 305
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 306
4
Елнұр Бейсенбаев: "Сайлауалды бағдарламаға ұсыныстар халықтан тікелей жиналады"
Show more
«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі - 2023-01-28 301
5
Ақтөбе облысы ПІБ Медорталығының күндері
Show more
Ермек Сахариев - 2023-01-26 150