Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі:«Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына да қатысты тергеу жүргізіп жатыр. «Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компания басшылығына қатысты, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2019 жылы «Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада» нысандары құрылыс-монтаж жұмыстарының нақты орындалмаған міндеттері үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр»,— деп хабарлайды. Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Еске салсақ, Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуге алынған.