Игілігі мол «Мектепке жол»

Игілігі мол «Мектепке жол»

Орал қаласы бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында өткен оқу жылында 1363 оқушыға бюджеттік қаражат есебінен, тағы 424-іне бюджеттен тыс қаражат есебінен көмек көрсетілген. Аталмыш іс-шара биыл да жалғасын табуда.

Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығындағы мектептерде 2000-ға жуық аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың ұл-қыздары, сондай-ақ жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелген. Жаңа оқу жылында 6000-нан астам бүлдіршін қала  мектептерінің табалдырығын бірінші рет аттағалы отыр екен.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясындағы «Мектепке жол» акциясының мақсаты – жоғарыда аталған санаттағы мектеп оқушыларының мектепке дайындығына қолдау көрсету, олардың әлеуметтік себептермен сабаққа бармай қалуының алдын алу. 

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын акция биыл да 1 тамызда басталды. Орал қалалық білім беру бөлімі жомарт жандарды 30 қыркүйекке дейін жалғасатын қайырымдылық іс-шарасынан қалыс қалмай, үн қосуға шақырады. 

– Жылдан-жылға акцияға қатысып, әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға қолдау көрсетушілердің саны артуда. Солардың ішінде қала әкімдігі, қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар, білім беру, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, заңды және жеке тұлғалар белсенділік көрсетуде, – дейді білім беру бөлімінің баспасөз хатшысы Эльмира Нұғманова.

 

Г.ТҰРСЫН
04.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 168
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 388
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 353
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 970

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9048
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8444
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11671
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9435
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10652