Инфляция деңгейін қалай төмендетеміз?

Инфляция деңгейін қалай төмендетеміз?

     Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов: «Президент бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мәселесін атап көрсетті. Қазіргі таңда тау-кен секторында пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемесін, мұнай өнімдерін өндірушілерге арналған акциздерді, жер қойнауын пайдаланушылардың дивиденттері бойынша жеңілдіктерді және трансферттік баға белгілеу тәртібін қайта қарау бойынша ұсыныстар дайын болды. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері осы ұсыныстарды жұртшылық пен бизнеске кеңінен түсіндіріп, олардың тез арада заң жүзінде бекітілуін қамтамасыз етуі қажет. Қазіргі кезде Үкімет майнинг тәсілдерін қайта қарап жатыр. Бұл саланы реттеу және дамыту үшін Цифрлық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық мәселелерді Мәжіліс депутаттары бастамашы болған «Цифрлық активтер туралы» заң жобасы аясында пысықтауы қажет. Президент тапсырмасына сәйкес, Инфляция деңгейін бақылау және оны төмендетуге қатысты жаңа шаралар кешені әзірленді. Ол егіс алқаптарын көбейту және азық-түлік өнімдерін өндіру мен өңдеу саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы отандық өндірісті ұлғайтуға бағытталған. Сонымен қатар жанар-жағармай материалдарын өндіру мен оларды бөлу жүйесін реформалау бойынша жүйелі шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ бағаны белгілеуге бақылау жасау және монополияға қарсы реттеу шаралары көзделіп отыр. Қабылданып жатқан шаралар бағаны біртіндеп тұрақтандыруға, инфляцияны нысаналы деңгейде ұстап тұруға, және бизнес ахуалды жақсартуға ықпал етеді. Осыған орай Инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін мақұлдауды ұсынамын», – деді. Премьер-Министр мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдерге аталған іс-шаралардың сапалы және тиімді орындалуын ерекше бақылауға алуды тапсырып: «Шаралар кешенінің орындалу барысын Үкіметте тұрақты түрде қарайтын боламыз. Жалпы мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуын жетілдіру бойынша ұсынылған шараларды қолдаймыз. Қаржы министрлігі «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, осы ұсыныстарды заң жүзінде бекіту мәселесін жылдамдатып пысықтасын», деді. 

Ермек САХАРИЕВ
16.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779