Инфляцияны төмендету жоспары іске асырылады

 Инфляцияны төмендету  жоспары іске асырылады

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров: «2022 жылғы 11 қаңтарда Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, инфляцияны бақылау бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. Бірінші бағыт аясындағы іс-шаралар көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайтуды, агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау тетігін жетілдіруді, бірқатар салаларда импорт алмастыратын жобаларды іске асыруды және басқа да іс-шараларды қамтиды. Екінші бағыт аясындағы іс-шаралар энергетикалық және коммуналдық-тұрмыстық көмірге бағалық реттеуді енгізуді, коммуналдық қызметтерге бағаларды арттыруға мораторий енгізуді, шекті бағалардың болжамды дәлізін айқындауды көздейді. Үшінші бағыт аясындағы іс-шаралар белгілі бір нарықтардағы бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдауды, мұнай және мұнай өнімдері нарығындағы делдалдық буынды қысқартуды және биржалық сауданы дамытуды қамтиды. Жүйелі іс-шаралар аясында тұтыну қоржынына кіретін ауылшаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін және басқа да азық-түлік тауарларын тұтынудың/өндірудің болжамды теңгерімін құру, мониторинг нәтижелері бойынша жедел ден қою іс-шараларын қабылдау жоспарлануда. Қабылданған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде тауарлар дефицитін болдырмай, инфляцияны және оның компоненттерін мақсатты дәрежеде ұстап қалу күтілуде», – деді.

 

Ермек Сахариев
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5583
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5731
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20701
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19331
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22796