Инфрақұрылым жақсарса тұрмыстық түйткіл де азаяды

Инфрақұрылым жақсарса тұрмыстық түйткіл де азаяды

Осыны негізге алған Шымкент қаласының билігі бүгінде бар күшті тозығы жеткен инфрақұрылымдарды жөндеуге, жаңасын салуға жұмсауда. Жол салу, газ құбырын тарту, ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары бір сәтке де тоқтамақ емес. Он жылға жоспараланатын жұмыстар үш жыл ішінде атқарылып, ел игілігіне берілуде. Бұл қала экономикасының да дамып отырғанын көрсетсе керек. Нәтижесінде мамандар шаһарда халықты ауыз сумен қамту деңгейі 98 пайызға, газбен қамтамасыз ету – 93, ал сапалы электрмен қамту көрсеткіші 97 пайызға жеткізу межесіне жақындап қалдық дейді. Анығын айтқанда, 2023 жылға дейін шаһар тұрғындары 100 пайыз сапалы ауыз су мен табиғи газға, 2025 жылға дейін сапалы электр қуатына қосылады деген жоспар бар.

Қазақстандағы үшінші мегаполис ретінде Шымкенттің ірі қалалардың бірі екені даусыз. Жалпы аумағы 1 170 шақырымды алып жатқан шаһарда шалғай шағынаудандар да аз емес. Кезінде Сайрам, Төлеби, Ордабасы аудандарынан қалаға қосылған 42 елдімекеннің инфрақұрылым мәселесі мәз емес. Осыны ескерген қала әкімі бірінші кезекте сол ауылдарды көркейтуге күш салуда. Қазірге дейін 18 тұрғын алабына ауыз су қосылып, 60 мың тұрғын таза су ішіп отыр. 7 тұрғын алабы табиғи газға қосылып, оның қызығын 29 500 адам көруде. Тұрғындарға сапалы ауыз су жеткізу үшін 3 магистралды су құбыры, 10 елдімекенге ауыз су құбыры, 3 магистралды кәріз құбыры және 16 ішкі орамдық нысан, табиғи газ бойынша №3 АГРС және 2 магистралды, 11 елдімекенге газ құбыры, 3 қосалқы электрстанциясы мен 15 елдімекенде ішкі жүйенің құрылысы жүруде.

Шағынаудандарды электр қуатымен қамтамасыз ету ісінде де оң нәтиже байқалады. Мысалы өткен айда Шымкент үшін маңызды энергетикалық нысан – «Бозарық» қосалқы станциясы іске қосылды. Нәтижесінде 250 мыңға жуық тұрғын сапалы электр жарығына қол жеткізе алды. Қазіргі таңда «Нұрсәт», «Астана-1» және «Астана-2» қосалқы станцияларындағы жұмыс аяқталып қалды. Ал «1-М-1» станциясындағы құрылыс жалғасып, «Ынтымақ» қосалқы станциясының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Нәтижесінде, қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан Асар-2, Тұран, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай, Батыс, Бозарық, Қайнарбұлақ, Шымкент сити, Достық және Нұрсәт – барлығы 10 шағынауданды сапалы электр қуатымен қамту мүмкіндігі туады.

Басқарма мамандарының мәліметінше, тәуелсіздік жылдарында Шымкент қаласында бюджет есебінен 6 дана қосалқы станция, 28 электр тарату бекеті, 780 электр трансформаторы, жалпы ұзындығы 2 663,1 шақырым электр желісі тартылған. Бүгінде қала аумағындағы барлық 81 елдімекеннің 65-іне сапалы электр қуаты жетіптұр. Электр жарығымен қамту көрсеткіші 95 пайызды құрайды. Ендігі мақсат – 16 елдімекендегі электр қуатының сапасын жақсарту. Мысалы, биыл 3 қосалқы станса салынса, біреуінде ағымдағы жөндеу жүріп, 16 елдімекенде ішкі жүйелердің құрылысы жүргізілуде. Олардың қатарында Жалын, Достық, Ақжар, Батыс, Тұран, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжай, Ынтымақ–2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке –20 жыл елдімекендері бар. Бұдан бөлек, 1 нысанның жобалық-сметалық құжаттары дайын, бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды. Жыл қорытындысымен 3 қосалқы стансаның құрылысы, 1 нысанның ағымдағы жөндеуі және 7 елдімекендегі құрылыс аяқталып, 250 мыңға жуық тұрғын сапалы электр қуатыме нқамтылады. Нәтижесінде, Шымкент аумағын электр жарығымен қамту көрсеткіші 95 пайыздан 97 пайызға дейін өседі дейді сала мамандары.

Шымкент қаласында осы уақытқа дейін14 су жинау ғимараты, 15 көтеру-сорғы стансасы салынып, жалпы ұзындығы 3365,7 шақырым су құбыры тартылған. Нәтижесінде бүгінде 81 елдімекеннің 69-ның тұрғындары таза су тұтынып отыр. Қалған 12 елдімекеннің бесеуіне, атап айтсақ, Сайрам, Құрсай, Қайнарбұлақ, Сәуле, Жаңаталап – тіршілік нәрі кестемен, ал 7 елдімекенге тасымалмен жеткізілуде. Биыл бұл салаға қаралған қаржыға жоспар бойынша 14 нысан салынуда. Оның ішінде 3 магистралды су құбыры, 11 ішкі орамдық жүйе бар. Пайдалануға берілетін су құбырының жалпы ұзындығы1 266 шақырымға жетеді. Жауапты мамандар жыл соңында 1 газ станциясы, 2 магистралды құбыр іске қосылып, 5 елдімекендегі 11 мыңнан астам адам табиғи газбен қамтылады деп жоспарлап отыр.

Ш.Молдабек
24.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 40
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 83
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 67
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 34
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 73
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 83
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 73
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 71
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 79
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 69
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 76
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 74
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 295

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9307
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8701
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11930
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9703
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10911