Инклюзивті білім берудегі озық тәжірибе

Инклюзивті білім берудегі озық тәжірибе

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №17 «Ер Төстік» балабақшасында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде заманауи денсаулық сақтау технологияларын қолдану» тақырыбында семинар-практикум болды.

Бір өкініштісі, соңғы жылдары елімізде ерекше білім беруді талап ететін балалар саны артып, қоғамда инклюзивті білім беру ұғымы қалыптасты. Білім туралы заң бойынша ерекше білім беруді қажет ететін балалардың санатына денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болған балалар жатады. Қазір статистикалық дерек бойынша, елімізде 161 мыңнан астам ерекше бала бар. Мұндай балалар санының жыл сайын 3 пайызға өсіп отырғаны алаңдатарлық мәселе.

Дегенмен елімізде инклюзивті білім беру идеясы – балаларға қатысты кез келген кемсітушілікті жоққа шығаратын, барлық адамдарға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға ерекше жағдай жасайтын идеологияға негізделген. Инклюзивті білім беру – бұл жалпы білім берудің транформациясы. Мұнда бала мектептің қажеттіліктеріне емес, мектеп баланың қажеттіліктеріне бейімделуі керек. Мамандардың айтуынша, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеусіз және олардың білім алу қажеттіліктерін бағалаусыз инклюзивті білім беру туралы айтуға болмайды. Сондықтан ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істеуде тәжірибелі мамандарға деген сұраныс та ерекше маңызға ие болып отыр.

Осы орайда «Ер Төстік» балабақшасының тәрбиешілері семинар-практикум барысында өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, балалармен жұмыс істеудегі ерекше тәсілдерді практикада қолданудың ерекшеліктерімен таныстырды. Педагогтардың денсаулық сақтау технологиялары туралы білімі мен біліктілігін арттыру және оқыту-тәрбиелеу процестерінің нәтижелерін көрсету, тәрбиешілер бойында балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған құнды бейімділікті қалыптастыруға арналған семинар сабақ балалардың ерекше белсенділігімен ойын түрінде өте жоғары деңгейде өтті. Тәрбиешілер көрермендерге «Көңілді аспаптар», «Ерікті құтқарушылар», «Түзету дамыту технологиялары, мектепалды даярлық»  атты бөлімдер негізінде балалардың сөйлеу қабілетін жетілдіру, ән мен музыкаға икемділіктерін арттыру, дене пішінінің дұрыс дамуы мен қалыптасуы үшін жасалатын арнайы жаттығулар мен сабақтарды балалардың қатысуымен өзгеше мазмұнда жеткізді. Тәжірибелі мамандардың  балалармен сөйлесуі, тіл табыса білуі, асқан сабырлылықпен сабақты түсіндіруі балаларды баурап, тамаша үндестікке ұласты. Тәжірибе алмасу барысында бала денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ұстана отырып, салиқалы өмір сүру қағидалары жан-жақты қамтылды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Балалар жылы деп жариялады. Бұл тұрғыда жылды тек мерекелеумен ғана шектеліп қалмай баланың нақты денсаулығына, дамуына басты назар аударылуы керек. Осы мақсатта біздің балабақша білім және тәрбиелеу бағытын ұстанады. Балабақшамызда 280 бала бар. Қазақ балабақшасы. 12 топт 4 ерекше білімді қажет ететін, сөйлеу тілі дамымаған балаларға арналған топтарымыз бар. Бүгінгі семинар-практикум осы 4 топтың балаларының қатысуымен ұйымдастырылды. Өздеріңіз көрген ән-би, ансамбль, спорт осы балалармен жұмыстың нәтижесін 100 пайыз қамтыды деп айтуға болады. Өздеріңіз де білесіздер, мұндай балалармен жұмыс істеу ерекше шыдамдылық, ерекше махаббат, сүйіспеншілікті қажет етеді. Бүгінгі семинар-практикум біздің бір оқу жылындағы нәтижеміз, қорытындымыз. 2021 жылы желтоқсан айында балабақшамыздың 30 жылдығы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді.  Ерекше білімді қажет ететін, сөйлеу тілі дамымаған топтың да ашылғанына 30 жыл толды. Сол үш отыздықты қала көлемінде атап өттік. Cонымен қатар Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай рухани жаңғыру бағдарламасы аясында балабақшамызда Абай мұражайын аштық. Бұл жайдан жай ашылған жоқ. Эксперименттік алаң ретінде Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі «бес асыл іс» қағидасын балалардың тілін дамытуға, ойлау қаблетін жетілдіруде, рухани адамгершілік қазынасын дамытуға үнемі қолданып келе жатырмыз. Іс-шара барысын түгел дерлік Абай атамыздың шығармашылығымен байланыстырып жатқан себебіміз сол. Балалар арқылы ата-аналардың да хакім Абайды тануына ықпал етіп отырмыз. Өйткені баласы Абай атаны іздей бастаса, ата-ана да қызығушылығы оянып, сұранысы артады, үйренеді. «Ер Төстік» бұлбұлдары деген вокальдық тобымыз жақында халықаралық деңгейде бас жүлде алып келді, – дейді балабақша директоры Әсел Мүбәракқызы. 

Ал өз кезегінде сөз алған «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, қоғам белсендісі Тұрар Саттарқызы: – Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді. Қазір балаларымыздың ұясы отбасынан кейін балабақша. Өзім ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген этнолог ретінде тіл мәселесіне, діл мәселесіне көбірек назар аударамын. «Ер Төстік» балабақшасындағы қандай да бір іс-шараға келсем, алдымен хакім Абайдың әндерінің шырқалып тұрғанына куә боламын. Бала тәрбиесі, әсіресе ерекше балалар тәрбиесіне төзім мен шыдам керек. Өкінішке қарай, қазір мұндай балалар көбейіп келеді. Оларға жасандылықсыз мейірім керек. «Қара шаңырақ» ұлттық жобасы аясында сіздермен бірге жұмыс істеп отырғанымыз да осы балалар үшін, бала тәрбиесі қолдан шығып, қазақ болу мәселесі қыл үстінде тұрған қазіргі кезде 30 жыл бойы қазақы рухты ұрпақ тәрбиелеп жатқан сіздерге мың алғыс, – деп, балабақша ұжымына өзі алып келген базарлығын ұсынды.

– Менің балам «Үкі» тобында. Баланың деңгейі, әрине ата-анасына аян. Қазір баламның жағдайы жақсы. Әріп таниды, есеп шығарады, буындап оқи алады. Балам мектепке дайын. Менің балабақша ұжымына алғысым шексіз. Әсіресе логопед апайы Бибігүл, психолог Анар, тәрбиеші   Гауһар апайдың еңбегіне табыс тілеймін. «Аққу» тобында қызым бар. Карантин болып, балабақшаға кеш келдік. Бірақ тәжірибелі мамандар үш айдың ішінде баламды сөйлетіп берді. Қарлығаш апай мен Раушан апайға алғысым шексіз. Басшылыққа рахмет! Балаларға ата-анасынан артық қамқорлық танытып, тәрбиелеп отыр десем артық айтпаймын, – дейді Сәуле Аһуынова деген ата-ана.   

Иә, бала мектепке бармай тұрып, жан-жақты жетілуі, мықты болып өсуі қажет. Бала денсаулығын нығайта отырып, білім мен тәрбие беруде озық тәжірибеге сүйене отырып, салауатты өмір салтын сақтауды, салиқалы ұрпақ тәрбиелеуді мақсат еткен ұжымның еңбегі көпке үлгі. Жоғарыда айтқанымыздай, инклюзивті білім беру қазіргі қоғам сұранысы. Сонымен қатар инклюзия ұғымының қоғамдағы маңызды рөлінің артуымен елімізде әртүрлі кеңістікте инклюзивті ортаны дамыту үшін жағдай жасау мәселесі де туындап отыр.

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
14.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 161
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 168
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 382
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 349
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 966

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9042
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9428
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646