Инклюзивті институт ауадай қажет

Инклюзивті институт ауадай қажет

   Ағыбай Әкбарұлы есімді автор: «Биылғы «қанды қаңтар оқиғасы» 30 жыл дәріптелген алдымен экономика, сонан соң саясат  атты ел басқарудың жетекші идеясының қате екенін анық көрсетті. 

 

Бұған президент  Қ.Тоқаевтың: «Біздің құрған экономикалық жүйеміз экономиканың дамуына тиімді  болғанымен, экономиканы бөліске салуда тиімсіз болды. Елдегі елу пайыз адамның айлық кірісі  елу мыңнан аспайды», –  деген сөзі анық дәлел. Қ.Тоқаев қазір саяси реформа жайлы шындап ойлану үстінде екенін айтты. Экономикалық реформаны бастап кетті. Алайда азаматтық қоғам ең алдымен саяси реформа жасауды талап етуде. Не үшін біз ең алдымен саяси реформа жасауымыз керек? Бүгінгі күні кез келген ел өз мемлекетін дамыту үшін философиялық тұрғыдан бір мәселеге жауап беруі керек. Ол санамен материяның қатынас мәселесі. Капиталистік қоғам сананы бірінші (белгілеуші) орынға қояды. Адамның санасын басты орынға қою демократия ұғымын алға шығарады. Демократия адамзат қоғамын өте тез  қарқынмен дамытады. Демократия саяси реформалар арқылы жолға қойылып, кемелденіп  дамиды. Бұған бүгін адамзаттың даму тәрихы куә. Біз өткен отыз жылда капиталистік қоғамның  осы қағидасынан сырт айналдық. Бұл теорияға қарсы жүрдік деуге болады. Алдымен экономика,  сонан соң  саясат  деп жар  салып,  қоғам  санасын  тұншықтырдық. Отыз жылда біз құрған экономикалық жүйеміз экономикалық еркіндікті, нарықтық бәсекені шектейтін жүйе  болып қалыптасты. Сондықтан бүгінгі билік ең алдымен ойлау көзқарасын өзгертуі қажет. Демек саяси реформаларды алдымен қолға алу керек.  Экономикалық жүйемізде әділ бәсекелестік, ашықтық, жариялық болуы аудай қажет.  Экономикалық жүйедегі бұл принциптер күшті азаматтық қоғам, әділ саяси бәсекелестік, сот  жүйесінің дербестігін қалыптастырады. Сонда ғана заң үстемдігі, демократиялық институттардың толыққанды жұмыс істеуіне жол ашылады. Бүгінгі таңдағы әкімшілік жүйедегі  кадрлық ауыс-түйіс, әміршіл әкімшілік жүйені өзгерте алмайды. Экономикалық жүйедегі  монополияның негізі – саяси жүйедегі монополия. Саяси  жүйедегі  монополияны  жойғанда ғана  экономикалық монополия жойылады. Ғалымдар жирмасыншы ғасырда мемлекеттердің кедей-бай болуының себебіне зерттеу  жасаған. Дараман Жынгудың «Бір мемлекеттер неге бай, бір мемлекеттер неге кедей?» атты кітабында   дүниежүзіндегі барлық мемлекетті салыстырып зерттеу арқылы мынадай ақиқатты байқаған. Бір мемлекеттің бай-кедей болуы оның жаратылыстық шарт жағдайына қатысты емес.  Мемлекеттің қоғамдағы орны инклюзивті институтты дамытумен ғана байланысты. Инклюзивті  институт дегеніміз – заңның орындалуын, адам құқығының сақталуын, азаматтардың позиция  білдіру құқығының қорғалуын көрсетеді. Аталмыш кітапта қақ ортасынан  Америка мен Мексикаға бөлінген бірдей  жаратылыстық шарт  жағдайдағы Ноблс штатын алға тартады. Қазір штаттың Америкаға қараған  жағының жылдық жан басындағы кірісі 30 мың  доллар. Мексикаға тән жағы  10  мың доллар (Экономист Мақсат Халық  сұхбатынан). Бүгінгі билік отыз жыл бойы демократия жөніндегі бір айтылымды қате түсіндіріп келді.  Демократия дереу орната салатын құрылғы емес, оның қалыптасуына күш салу қажет.  Бұл ақиқат.  Алайда біздің бүгінгі билік «демократия орнатуға шарт-жағдай керек, шарт-жағдай пісіп-жетілгенде  жолға қоямыз» дейді. Бұл қате. Демократия тек демократиялық институттардың  толыққанды жұмыс істеуі арқылы біртіндеп қалыптасады. Американың бүгінгі демократиялық жетістігі тұңғыш президент Джордж Вашингтонның он  сегізінші ғасырда тұрып президенттік  институтты өзі бас болып демократиялық жолға салуымен тікелей байланысты. Ол кездегі Америка қоғамының мәдениет деңгейі бүгінгі Қазақстан қоғамынан төмен болатын. Логикада  қажетті алғы шарт деген ұғым бар.  Белгілі бір істі жасау үшін қажетті алғы шарты болмаса ол  іс жүзеге аспайды. Жаңа Қазақстан тек жаңа саяси реформалармен ғана  қалыптасады», – деп, ел тағдырына қатысты өз ойларын ортаға салып, соны ұсыныстарын айтыпты. Президенттің: «Ел тағдырына баршамыз жауаптымыз», – деуінің бір көрінісі осы да. 

Ермек САХАРИЕВ
10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 133
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 166
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 133
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 278
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 281
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 496
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 453

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9152
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8551
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11778
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9546
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10758