Алаяқтық – бөтен адамның мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді бұрыс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену деген мағынаны білдіреді. Бұл қазіргі нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кеңінен таралған қылмыстың түрі. Осы кең таралып жатқан алаяқтықтың өте қорқыныштысы – интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Бұл орайда олар әсіресе әлеуметтік желілерді өз мақсаттарына пайдаланып отыр. Интернет алаяқтық қоғамның ең өзекті де қиын мәселесіне айналып барады.
Интернет алаяқтықтың көп кездесетін түрлері:
Интернет арқылы сауда жасау мен қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар. Алаяқтар интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланады. Олардың айла-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отыруда.
Мәселен, Түркістан қаласының прокуратурасы «Атырау қаласында орналасқан «SICIM» компаниясына жұмысқа орналастырып беремін» деп уәде беріп, алдау-арбау жолымен алаяқтық жасады деген айыппен 1994 жылы туған М.Әбілмажитовке қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ол «WhatsApp» мессенджері арқылы чаттарға «SICIM» компаниясына жұмысқа орналастырып беремін деп жалған жарнама жазған. Сөйтіп адамдардың сенімін теріс пайдаланып, алаяқтық жолмен 12 адамнан 1,5 миллион теңгеден астам қаржысын жымқырған. Тергеу нәтижесімен қалалық полиция басқармасы Әбілмажитовтың жоғарыда аталған қылмыстарды жасағанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар жинақтап, прокурордың келісуімен оның іс-әрекетін ҚР Тергеу барысында оны Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен (үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген) жаза тағайындалған. Заң бойынша Қылмыстық кодексте алаяқтарға қолданылатын жаза түрлері мен белгілі бір мерзімдері бар. Олар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Немесе 4000 АЕК айыппұл салынады. Бұл егер алаяқтық қылмыстың жеңіл түрі болған жағдайда. Егер ауыр түрі болса немесе қылмыс бірнеше рет қайталанған жағдайда, алаяқ 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде түзеу мекемелерінде жазасын өтейді.
«Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, алаяқтардың торына түспес үшін ешқашан алдын ала төлем жасамаңыз. Картаңыздың, жеке шотыңыздың мәліметтерін ешкімге бермеңіз. СV код пен құпия сөзді құпия ұстаңыз. Тауарды көзбен көрмей, оны алу, ал банк картасына немесе электрондық әмиянға аударылған ақшаны қайтару тіптен мүмкін емес екендігін есте сақтаңыз! Осылайша заң орындары интернет алаяқтарына сеніп алданып, сан соғып қапыда қалмауларыңызды ескертеді.