Аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Несіпбековтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте аудан аумағындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуы мәселесі қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Қуат Ошақбай, ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Бауыржан Тоқтасынов баяндама жасады.
Кеңеске аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев, аудан әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов, аудан әкімінің аппарат басшысы Самат Селеубаев, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Жиында инвест жобалардың жүзеге асырылуы, құжаттарының әзірленуі бойынша округ әкімдерінен жауаптар алынып, мерзімді тапсырмалар берілді