Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес өтті

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес өтті

    ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес (ИАЖК) отырысында климаттық пакті бойынша міндеттемелерді қаржыландыру және «жасыл күн тәртібін» ілгерілетудегі Қазақстанның халықаралық ұстанымдарын одан әрі нығайту мәселелері қаралды. 2021 жылы мемлекеттік экологиялық реттеу стандарттарын айқындайтын, жасыл инвестициялар тартуды ынталандыратын және халықаралық экологиялық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін жаңа Экологиялық кодекс қабылданғанын атап өткен премьер-министр Ә. Смайылов: «ҚР Үкіметі заманауи талаптарға сай келетін дамудың жаңа бағыттарына қатысты негізгі құжаттарды дайындау бойынша едәуір жұмыс атқарып жатыр. Экологиялық таза энергия көздерін дамытуды ынталандыру үшін Баламалы энергетиканы дамыту бойынша жаңа заң әзірленіп жатыр. Қазақстанның 2025 жылға дейінгі инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасы ESG және жасыл экономика қағидаттарын сақтауға негізделетін болады. Осы мақсаттар үшін қазіргі таңда 2060 жылға қарай Көміртегі бейтараптылығы доктринасы әзірленуде, ол Қазақстан экономикасын дәйекті түрде трансформациялау жөніндегі мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын айқындайды. Қазақстан әлемде орын алып жатқан сын-тегеуріндерге қарамастан, өзінің жаһандық орнықты дамуға бейілділігін сақтап қалды және аталған бағыттағы жүйелі және дәйекті жұмысты одан әрі жалғастыруға дайын», —деп мәлімдеді.

                                

Ермек САХАРИЕВ
15.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5390
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5546
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20514
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19145
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22606