Инвестициялық штабтың отырысы өтті

Инвестициялық штабтың отырысы өтті

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында Меркі ауданы әкімі мен ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының инвестиция тарту жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков 2022-2025 жылдар аралығында ауданда жалпы құны 22,4 млрд. теңгені құрайтын 107 инвестициялық жобаны жүзеге асыра отырып, 1160 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланғанын жеткізді.  Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында жалпы көлемі 684,0 млн. теңгені құрайтын 9 жоба (112 жұмыс орны құрылды), өнеркәсіп саласында 1,5 млрд. теңгеге 24 жоба (224 жұмыс орны) жүзеге асырылған. Ағымдағы жылдың соңына дейін агро-өнеркәсіп кешенінде 271,0 млн. теңгеге 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде – су үнемдейтін технологияны енгізу, балық шаруашылығын дамыту, жылыжайлар салу жобалары бар. Сондай-ақ, аудан әкімі жаңартылатын энергия көздері мен өнеркәсіп салаларындағы жоспарлы жобалар жөнінде баяндады. Облыс әкімі кейбір мәселелерге айрықша тоқталып өтті.  – Іске қосылған кәсіпорындар ұзақ жылдар бойы табысты жұмыс істеуі керек. Бізге болашағы жоқ кәсіпорындар қажет емес. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін барлығы кешенді түрде ойластырылып, ауданның әлеуеті, халықтың сұранысы ескерілуі қажет. Тұрақты жаңа жұмыс орындарын құру өте маңызды. Бұл іске аудан басшылығын да, салалық бөлімдерді де тарту қажет. Инвестиция тартуға жаңа көзқарас қажет, – деді Нұржан Нұржігітов. Аймақ басшысы Меркі ауданының бұл тұрғыдағы есебі қайта қаралатынын жеткізді. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков өз баяндамасында барлық жоспарланған жұмыстардың нәтижесінде еңбек өнімділігі 2,7 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімі 10 пайызға өседі деп күтіліп отырғандығын жеткізді. Кездесу барысында инвесторлар қызанақ өңдейтін, көкөністерді кептіретін зауыт құрылысы, кешенді кремний-фосфор тыңайтқышын өндіру жобаларымен таныстырды.

Жамбыл облысы әкімдігі
15.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 156
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 154
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 264
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 267
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 477
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 439

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9138
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8536
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11764
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9531
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10744