Инвестор тарту ісі жандана түсті

Инвестор тарту ісі жандана түсті

Бүгінде ел экономикасын дамыту үшін ивестицияны әсіресе өндіріс саласына тарту басты мақсат болып тұр. Бұл орайда Шымкентте жалпы ауданы 718 гектарды құрайтын 4 өнеркәсіптік аймақ тұрақты жұмыс істеп отырғанын тілге тиек еткен жөн. Атап айтқанда олар: «Оңтүстік», «Тассай» индустриалды, «Оңтүстік» көлік логистикалық және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтары. Аталған аймақтарда 11 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоспар бойынша мұнда 254,2 млрд теңге сомасында 174 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.

– Соның ішінде бүгінгі таңда 137,5 млрд теңгеге 112 жоба нақты жүзеге асып, 7,5 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. Бұл аймақтардың инженерлік инфрақұрылымына бюджеттен 17,8 млрд теңге бөлінген. Яғни 1 теңге бюджет қаражатына 14 теңге жеке инвестиция тартылды. Нәтижесінде 2010-2020 жылдары кәсіпорындар есебінен бюджетке 28,3 млрд теңге салық аударымдары жасалынды. Қазіргі таңда индустриалды аймақтардың толымдылығы 90 пайызды құрайды, – дейді қала әімінің орынбасары Айбек Сәттібаев

Ал 2021-2022 жылдары жаңадан өнеркәсіптік аймақтар құру жоспары бар. Бұл орайда аумағы 306 гектар болатын «Жұлдыз» индустриалды аймағы дамитын болады. Онда құрылыс, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсібі саласындағы жобалар қолға алынады. Бүгінгі таңда инфрақұрылымдық жүйелерді тарту жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар Қайнарбұлақ тұрғын алабы маңында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін жалпы алаңы 132 гектарды құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы ашылады. «Мұнда биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндіріледі және сүт зауыты салынады. Сонымен қатар шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, сүрлейтін кәсіпорындар құрылады» дейді мамандар.

Қаладағы ауқымды жобалардың бірі – мегаполистің солтүстік бөлігіндегі 427 гектарды алып жатқан «Шымкент Сити» жаңа шағынауданының құрылысы. Оған инженерлік инфрақұрылым толық жүргізіліп қойылды. Жоба аясында 2026 жылға дейін қалаға 432 млрд теңге көлемінде жеке инвестициялар тартылады. Осы аралықта 300-ге жуық көпқабатты тұрғын үй немесе жалпы ауданы 1,6 млн шаршы метр болатын 27 500 пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде. Мұнымен қоса 3600 орындық 3 жалпы білім беретін жеке меншік мектеп, дарынды балаларға арналған физика-математика мектебі, балабақшалар, емхана, саябақ және көптеген халыққа қызмет көрсету орындары ашылады.

Инвестицияның арқасында Шымкентте құрылыс, фармацевтика, ауылшаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, тамақ индустриясы, туризм және басқа да салалар қарқынды дамып келеді. Шетелдік инвесторлардың көмегімен мемлекет экономиканың құрылымын жақсартады, негізгі қорларды жаңартады және кәсіпорындарды техникалық жағынан қайта жарақтандырады. Мамандар мен жұмысшыларды даярлайды, инновациялар енгізеді. 

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ
01.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 40
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 85
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 68
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 34
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 74
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 85
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 74
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 72
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 80
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 70
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 77
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 75
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 296

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9308
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8702
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11931
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9704
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10912