Иран билігі иліге бастады

Иран билігі иліге бастады

Қазақ жұртымен Хазар теңізі арқылы шектесіп жатқан Иран ислам республикасында басталған халықтық толқулар әлі күнге толастамай тұр. 2022 жылы 13 қыркүйек күні көшеде кетіп бара жатқан 22 жасар Махса Амини есімді қызды Тегеранның шариғат сақшылары «басындағы жаулығы шариғат талаптарына сай емес» деген айыппен ұстап алып, қамап тастаған. 16 қыркүйекте полиция қыздың туыстарына уақытша қамау орнында «жүрек талмасынан қайтыс болғандығы» туралы хабар жеткізген. Орган қызметкерлері Аминидың сүйегін табытқа салып, мөрлеп әкеліп отбасына тапсырған әрі жылдам жерлеуді бұйырған.

 

Халық саяси жүйеге қарсы шықты

Осы оқиға Иранда халықтың наразылығын тудырған еді. Елдің түкпір-түкпіріндегі қалаларда адамдар көшеге шығып, билікке наразылықтарын білдіріп жатты. Ызаға әбден булығып жүрген әйелдер бастарындағы орамалдарын лақтырып тастап, шариғат үкімдерін қалқан етіп, нәзік жандыларды  тұқыртып ұстап отырған жүйеге деген қарсылықтарын ашық білдіруге көшті. Бұл толқуларға Аминидің өлімі білте болып тұтандырғанымен, оның астарында шариғат үкімдерін басшылыққа алып, елді бастықтырып ұстап отырған билікке, тұтас саяси жүйеге деген қарсылық еді.

Они врут". Что говорит отец Махсы Амини, из-за гибели которой начались  протесты в Иране - BBC News Русская служба

Иран үкіметі бұл ереуілдердің артында «шетелдік дұшпандардың тұрғандығын, Иранның мұндай арандатуларға жол бермейтіндігін айтып» талай рет мәлімдеме жасағаны белгілі. Наразылық акцияларына қатынасқан мыңдаған адамды тұтқындаған билік, өткен айда «күштік құрылымдардың ескертуіне құлақ аспай, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырған адамдарды өлім жазасына кесу» туралы пікір білдірді. Ресми мекемелер бұл шешімнің толқуларға араласқан, «бүлік тудырған, террорлық әрекеттер ұйымдастырған, «содырлар» және «сепаратистік топтарға жататын қарулы контрреволюцияшылар» және шетелдік топтарға қаратылғандығын ескерткен еді. Ішінара ақпарат көздері қыркүйектің ортасынан бері ұзын саны 16000-ға жуық адамның абақтыға жабылып, жүздеген адамның ажал құшқанын жариялады. Осы тұста қамалғандардың барлығы дарға асыла ма деген де күдік туғаны белгілі. Дегенмен ирандық сайттардың хабарлауынша, қамалғандардың арасынан қазірге дейін 1100-ден астам адамның босатылғандығын білдік. Ал наразылық басталған 3 айдан бері ресми органдар қаза тапқандар туралы алғаш рет мәлімдеме жасады. 

Өткен сенбі күні Ислам революциясы Сақшылар корпусының жоғары лауазымды генералы Әмір Әли Хаджизад тәртіпсіздіктер кезінде 300-ден астам адамның «құрбандыққа шалынғанын және қаза тапқанын» айтқан. Ал Ослода орналасқан ирандық құқық қорғау ұйымының хабарлауынша, «қаза тапқандардың соңғы ресми саны 416-ға жақын» дейді. 

Иран билігі елдегі толқулардың артында АҚШ, Израиль, Ұлыбритания және Сауд Арабиясы секілді «жат ниетті елдердің» тұрғандығын айтудан жалыққан емес. Қауіпсіздік агенттігінің сенбі күнгі мәлімдемесінде наразылық шерулеріне шетелдік күштердің айтарлықтай әсер етіп отырғандығын сондай-ақ «лаңкестік» медиа топтардың «гибридтік соғыспен» айналысып жатқанын айтты. Алайда Иран қоғамын жіті бақылап отырған сарапшылардың көбі 3 айдан бері толастамай келе жатқан «хиджаб төңкерісі» халықтың саяси жүйеге деген наразылығының белгісі деп баға беріп отыр.

 

Биліктің мәлімдемесі

3 желтоқсан күні Иранның бас прокуроры Мохаммад Джафар Монтазери мәлімдеме жасады. Маңызды жаңалықтың бірі «Елдегі наразылықтар үшінші айда жалғасып жатқандықтан, Иран шариғат сақшысының жұмысын тоқтатты» деп хабарлады прокурор. Алайда «www.radiozamaneh.com» сайтындағы мақалада прокурордың мәлімдемесі туралы айта келіп: «Ресми түрде қоғамның «моральдық қауіпсіздігін» қамтамасыз ету міндеті жүктелген патрульдердің жұмысы тоқтатылғаны туралы басқа дәлелдер жоқ. Монтазери моральдық полицияның біржолата жойылғанын айтқан жоқ», – депті.

Прокурор өз сөзінде «Мемлекеттің бас прокуроры ретінде мен жұртшылықтың алдында жақында болған тәртіпсіздіктердің негізгі себептерін талдай отырып, наразылық білдірушілерге қарата шешуші шара қолданатындығымызды айтамын. Бірақ сот жүйесі халықтың жағдайын ескере отырып, парасатты түрде әрекет етуі керек», – деген. Мұнысы ауыр жаза арқылы қорқыту болуы мүмкін дейді пікір білдірушілер. Прокурор сонымен қоса Парламент пен Ислам революциясының Жоғарғы кеңесі хиджаб мәселесі туралы мұқият зерттеулер жасап жатқандығын, оның нәтижесі алдағы 15 күннің ішінде белгілі болатындығын айтқан. 

Это наш позор!» После гибели 22-летней девушки Иран захлестнули протесты.  Как страна оказалась на грани революции?: Политика: Мир: Lenta.ru

1979 жылғы Ислам революциясынан кейін билік тізгінін қолдарына алған исламшылдар Иранда шариғат үкімдеріне негізделген түзім орнатқан. Әйелдердің хиджаб киюі заңмен міндеттеліп, шариғат сақшыларының қадағалауына жүктелген болатын. Жасыл түсті машиналармен шарлап, тәртіпті күзететін сақшылар көшедегі әйелдерге орамалдарын жинауды, егер шаштары қобырап сыртына шығып, «әурет жерлері ашылып қалған» болса, оларды ұстап алып, «қайта тәрбиелеу орталығы» деп аталатын арнайы мекемелерге апарып тәрбиеден өткізетін болған. Осылайша шариғат үкімдерін басшылыққа ала отырып тәртіп орнатқан Иран елінде ауыр қылмыс жасағандарды дарға асып өлтіру, ұрлық жасағандардың саусақтарын шабу жазалары бүгінге дейін қолданылып келе жатыр.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
08.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 43
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 90
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 290
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 284
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 905

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8982
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8377
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11602
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9360
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10586