ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРДІҢ ІЛКІМДІ ТІРЛІКТЕРІ

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРДІҢ  ІЛКІМДІ ТІРЛІКТЕРІ

Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов өңірдегі іскер әйелдермен кездесті. Жүздесуде аймақты дамыту бағытындағы келелі мәселелер талқыланды.

 Алдымен сөз алған аймақ басшысы барлық салада ерлермен иық тіресе еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып жүрген әйелдер қауымының орны ерекше екенін тілге тиек етті.

– Қоғамда орын алып жатқан өзгерістерге байланысты, қазір әсіресе қыз-келіншектер, әйелдер тек үйдің ғана тірлігіне емес, саясатқа, кәсіпкерлікке, қоғамдық іс-шараларға белсенді араласуда. 90-жылдардағы тоқырау заманында ала дорба көтеріп, сауда жасаған, азаннан кешке дейін еңбек етіп, аяғымызды тіктеуге себепші болған өздеріңіз секілді нәзікжандылар еді. Сондықтан осындай еңбектеріңізге алғысымды білдіргім келеді. Бүгінде бизнес саласында жүрген қыз-келіншектер жеткілікті. Жұмыс алға басуы үшін отбасында береке болуы керек. Сондықтан сіздерге сәттілік, отбасыларыңызға амандық тілеймін! – деген облыс әкімі Нұржан Нұржігітов әртүрлі саладағы нәзікжандылардың табанды еңбегін жоғары бағалап, өңірді өркендету бағытындағы алға қойған мақсат-міндеттерді бірге орындауға шақырды.

Өз кезегінде сөз алған өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Айгүл Ақшалова әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі және әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту құралдары туралы баяндады.

– Іскер әйелдер кеңесі біздің өңірде «Әйелдер майнстримингі» бола отырып, өз қызметін әйелдер бизнесінің транспаренттілігін дамытуға, яғни ұтымды шешімдер қабылдау үшін ақпаратты ашық, толық, уақытылы және түсінікті нысанда беруді жүзеге асырғысы келеді.

90-жылдардағыдай біз, әйелдер, алдағы уақытта да еліміздің экономикасының қозғаушы күшіне айналатынымызға сенеміз. Дегенмен қазір бізге мемлекеттік органдардағы ерлердің қолдауы өте қажет, – деді ол.

Кездесу барысында кәсіпкер әйелдер облыс әкімімен бірге өңірдегі бизнесті дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

Өз кезегінде жиынға қатысушы қыз-келіншектер қауымының ұсыныс-тілектерін мұқият тыңдаған облыс әкімі Н.Молдиярұлы аталған жобаларды бірлесе әзірлеуге дайын екенін жеткізді.

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 75
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 185
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 188
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 403
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 366
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 985

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9062
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8459
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11686
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9448
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10666