ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІНІҢ МҰРАЖАЙЫ АШЫЛДЫ

ИСЛАМ  МӘДЕНИЕТІНІҢ  МҰРАЖАЙЫ АШЫЛДЫ

Рамазан айында Солтүстік Қазақстан облысында ислам мәдениетінің мұражайы ашылды. Бұл өңір мұсылмандары үшін айтулы оқиға. Ашылу рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, СҚО әкімі Айдарбек Сапаров пен қоғам өкілдері қатысты.

Мұражайды ашу үшін XIX ғасырда салынған көне мешіт қайта қалпына келтірілді. Киров зауытының аумағындағы діни ғимарат жартылай бұзылған, тек қана  мұнарасы сақталған болатын. Бюджеттен қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалпына келтіру кезінде мешіттің бастапқы келбетін сақтауға баса мән берілді.

«Бұл тарихымызға тағзым жасап, рухани құндылықтарды дәріптеудің жарқын белгісі. Рухани орда дәстүрлі ислам тарихы мен мәдениетін насихаттауға елеулі үлес қосатын болады», – деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мұражайда келушілер исламның тарихы мен мәдениеті туралы ақпарат алып, қолжазбалар, бұйымдар және Құран кітаптарымен таныса алады.

 

Нұрсайын Шәріп
28.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 78
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 63
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 88

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1226
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7270
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11134
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7333
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7481