Ислам ойындарының нәтижесі

Ислам ойындарының нәтижесі

Спорттық гимнастика: Түркия елі Конья қаласындағы байрақты бәсекеде Спорттық гимнастика бойынша ұлдарымыз алғашқы жарыс күнін командалық есепте қола жүлдемен қорытындылады. Жекелей сында Нариман Курбанов пен Дмитрий Потанин үш бірдей күміс жүлдеге қол жеткізді. Нариман ат снарядында 14,8 ұпай, Дмитрий еркін жаттығуда 14,25 ұпай жинаса, Милад гимнастикалық кермеде 14,05 ұпайды еншіледі. Осылайша спорттық гимнастикада Милад Карими, Нариман Курбанов, Дмитрий Потаниндер Қазақстан қоржынына 3 күміс, 1 қола жүлде салды. Жеңіл атлетикадан Литвин Михаил алтын жүлдені жеңіп алды. Отандасымыз 400 м қашықтыққа жүгіруден қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды.

Ауыр атлетика: Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Ислам ойындарында үш бірдей алтын жүлдені жеңіп алды. 59 келіде сынға түскен отандасымыз жалпы есепте 220 келі (95 кг+125 кг) зіл темірді бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды. Тағы бір ауыр атлет Арли Чонтей Түркияда өтіп жатқан Ислам ойындарының жеңімпазы атанды. 55 келі салмақ дәрежесінде спортшымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 253 келіні бағындырып, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды. (114+139)

Әйелдер күресінен Елена Шалыгина кезекті алтынды алып келді. 65 келіде сынға түскен спортшымыз ақтық сында Әзербайжан өкілін жеңді.

Таеквондодан +87 келіде Бауыржан Хасенов қола жүлдеге қол жеткізсе, грек-рим күресінен 55 келіде Аманғали Бекболатов тағы бір қола жүлдемен ел қоржынын толтырды.

Ел қоржынында 13-алтын медаль және Ислам ынтымақтастық ойындарының рекорды! Финалда Аделаида Пчелинцева 50 м қашықтықты 31.71 секунд уақытта бағындырып, Ислам ойындарының рекордын жаңартты. Отандасымыз өзінің шеберлік деңгейін көрсетіп, ойындарда қарсылас шақ келтірмей, Түркия елінің спортшылары Гюнеш пен Саманчиді жеңіп, алтын олжалады. Осылайша Қазақстан құрамасы 13 алтын, 5 күміс, 19 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады. 1-орын Түркия: 41 алтын, 41 күміс, 32 қола; 2-орын Иран: 20 алтын, 18 күміс, 13 қола. Ал 3-орында 14 алтын, 10 күміс, 19 қола жүлдемен Өзбекстан құрамасы.

Рауан Мутаир
17.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САРЫСУДА АСАРЛАТҚАН ҮЙ БЕРІЛДІ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 02.10.2022 18
Перзенттік парыз
Талас аудан әкімдігі - 02.10.2022 14
 ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
Жамбыл ауданы - 02.10.2022 15
"Атырау - бақытты балалар мекені"
Атырау Қалалық Мәдениет Бөлімі - 02.10.2022 18
Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға  Қазақ баспасөзі мерзімді басылымдары басшыларының Ашық хаты: «Қазақ баспасөзі:  бүгіні және ертеңі»
«Qazaqstan dauiri» мен «Мөлдір бұлақ журналының «Қазақ баспасөзі: Бүгін және ертең» атты конференциясы Алматы қаласы, 23 қыркүйек 2022 жыл - 30.09.2022 191
Өткеннің ертегісін емес, дәуірдің ертеңін ойлайық!
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, ақын, ҚЖО-ның мүшесі. ҚР Ақпарат саласының үздігі, Түркі дүниесі ақындары жыр мүшәйраларының жеңімпазы - 30.09.2022 181
Үндемей қалуға ықтиярым жоқ
Тұрсынтай ҚАЛДАРБЕКОВ, зейнеткер, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы - 30.09.2022 153
Саяси және гуманитарлық мәселе
Мұхтар Түменбаевтың ФБ парақшасынан - 29.09.2022 238
Шерхан МҰРТАЗА - 90
Мұртаза ЖАЛҒАСТЫҢ ФБ парақшасынан - 28.09.2022 285

Топ жаңалықтар

1
Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтады
Show more
Ақтөбе облысының баспасөз қызметі - 2022-10-01 198
2
Қазақ баспасөзі – қазақтың үні, қазақтың намысы
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2022-09-30 181
3
Министр айтқан қос мәселе де өзекті
Show more
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 2022-09-30 196
4
Қазақ күресінен тұңғыш рет әйелдер сайысы өтеді
Show more
Ермек Сахариев - 2022-09-30 179
5
Өз-өзіңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін! немесе қазақ даласына ағылған «қара шекпендердің» жаңа толқыны
Show more
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 2022-09-30 191