Каналимовқа үлкен сенім артылды

Каналимовқа үлкен сенім артылды

Жылдан астам уақыт жұрт көзіне түспей кеткен Астана қаласы Мәслихатының бұрынғы төрағасы Ерлан Каналимов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл жаңалықты оның әлеуметтік желідегі парақшасынан білдік. Ерлан Ермекұлы өз парақшасында жаңалығымен бөлісті.

 

Қадірлі ағайын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері бір арнаға тоғысып, ортақ мұрат жолында бас қосқан шақта, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық штабының төрағасы болып сайландым. Ұсынылып отырған реформа Қазақстанның жаңа конституциялық моделін қалыптастыруға, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтық кепілдіктерін күшейтуге негіз қалайды.

Ең бастысы – егемен еліміздің ұзақ мерзімді дамуына берік құқықтық іргетас қаланады. Сондықтан дәл осы кезеңде жұдырықтай жұмылып, елдік мүддені бәрінен жоғары қою – әрбір саналы азаматтың парызы. Конституциялық реформаларды іске асыру – бүкіл қоғамға жүктелген ортақ жауапкершілік. Бірлік пен ынтымақ үстемдік құрған жағдайда ғана әділетті, қуатты әрі бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптасады. Осы тарихи кезеңде барша қазақстандықтарды ортақ мұрат төңірегіне топтасып, ауызбіршіліктің жарқын үлгісін көрсетуге шақырамын  деп жазды.

Ерлан Ермекұлы Астана басқару институтын (экономист) және Қазақстан-Ресей университетін (заңгер) бітірген. Қызмет жолын Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратында маман ретінде бастаған. Ол қазірге дейін «Байқоңыр» ауданының әкімі, Астана әкімінің орынбасары, «Nur Otan» партиясының (қазіргі Amanat) Астана филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2021-2025 жылдар аралығында Астана қаласы мәслихатының VII және VIII шақырылымдағы мәслихат төрағасы болды. 2025 жылы қаңтарда қызметінің ауысуына байланысты Мәслихат төрағалығынан кеткен болатын.

Қазір «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық штабы қызу жұмысқа кірісіп кетті. Жаңа Төраға алдағы жұмыс жоспары туралы пікірін білдіріпті.

«Бүгін өз жұмысын бастады. Отырыс барысында қалалық штаб пен медиа-штабтың құрамы таныстырылып, қызметтің негізгі бағыттары мен үйлестіру тетіктері айқындалды. Қалалық коалиция құрамына 200-ге жуық азамат енді. Бұл – әр буынның, әр саланың өкілдері топтасқан кең алаң. Елге ақылымен тірек болған ардагерлер де, заң үстемдігін қорғаған заңгерлер де, мінберден сөз сөйлеген депутаттар да, ғылым мен мәдениет өкілдері де, спортшылар мен белсенді жастар да осы ортада бас қосты.

Бекітілген жоспар шеңберінде жалпы саны 700 мыңға жуық адамды қамтитын 1000-ға жуық іс-шара өткізу көзделген. Қалалық деңгейде – 660 мыңға жуық тұрғынды қамтитын 700 іс-шара. Аудандық деңгейде 35 мыңға жуық адамды қамти отырып, 400 іс-шара өткізу көзделген. Астана қалалық штабының жетекшісі ретінде ашықтықты, жүйелілікті және нәтижелілікті басты ұстаным етіп, ортақ мақсат жолында барша әріптестермен бірлесе, жауапкершілікпен әрі үйлесімді жұмыс істеуге дайынмын. Бірлігіміз бекем, ісіміз нәтижелі болсын!» – дейді Ерлан Каналимов. 

Біз өз тарапымыздан Ерлан Ермекұлының жаңа қызметіне табыс тілейміз!

Ерқазы Сейтқали

 

19.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Екі достың арасын не бүлдірді?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 19.02.2026 57
Қариясын сыйлайтын ел едік
Қатимолла РИЗУАНОВ, Атырау облысының Құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет» ордендері мен ондаған медаль иегері, мемлекеттік қызмет ардагері - 19.02.2026 31

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23525
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23182
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39548
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36670
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40824