Каноэде есу: Әнуар – АҚШ чемпионы!

Каноэде есу: Әнуар – АҚШ чемпионы!

21-24 тамыз аралығында АҚШ-тың Оклахома-Сити қаласында әлемнің жетекші спортшылары қатысқан байдарка мен каноэде есу бойынша АҚШ-тың ашық чемпионаты өтті. Тарихта бірінші рет мұндай жарысқа қазақстандық байдарка мен каноэде есу мектебінің өкілі Әнуар Акчурин қатысты. Ол американдық Гэвин Росспен бірге екілік-каноэде 200 метр қашықтықты есіп, жеңіске жетті. Жарыстар қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы барлығы бір алтын, төрт күміс медаль еншіледі. Екі күміс медальді каноэ-екілікте 1 000 метр қашықтыққа есу бойынша және каноэ-төрттікте 500 метр қашықтықты АҚШ спортшыларымен («Washington Canoe Club») есіп өткені үшін алды. Күміс медальді 200 метр қашықтықты есіп өсу бойынша жеке жарыс кезінде, «алтынды» 200 метрлік каноэ-екілікте, тағы бір күмісті «Washington Canoe Club» спортшыларымен бірге каноэ-төрттікте 500 метр қашықтыққа есуден олжалады. 21 жастағы Әнуар Акчурин – Алматы қаласының тұрғыны. Байдарка мен каноэде есу секциясына 10 жасында Нұр-Сұлтан қаласындағы №4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебіне («Толқын» спорт кешені) барған. Халықаралық санаттағы спорт шебері. 200, 500 және 1 000 метрге есуден Қазақстандық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы.

Ермек Сахариев
02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 51
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 47
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 51
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 48

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25132
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24650
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42077
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37938
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42408